АНАНЬЕВ  БОРИС ГЕРАСИМОВИЧ

АНАНЬЕВ  БОРИС ГЕРАСИМОВИЧ (1907-1972) – психология ғ.д. КСРО Педагогикалық Ғылым акаде- миясының толық мүшесі. Адамды ин- дивид, тұлға, даралық ретінде қарас- тырып, адамтанудың жүйелі моделін құрастыруға ұмтылған кеңес дәуірі- нің психологі. Горск педагогикалық институтын (1928) бітіріп, өзінің ғы- лыми ізденістерін ленинградтық реф- лексологтардың қатарында, психоло- гияның адамтану ғылымдарының бі- регейі болып бекінуіне атсалысты. Ол адамды биологиялық индивид ре- тінде, оның онтогенездегі даму жо- лы, тұлғалық мәнге ие болуымен адам- зат әлеміндегі орны, өзіндік даралы- ғы туралы «Адам танымының ныса- насы» (1969) атты еңбегінде жан-жақ- ты қарастырады. 1967-1972 жж. ЛМУ- де психология факультетінің деканы қызметін атқара жүріп, көптеген пси- холог ғалымдарды дайындады. Б.Ф.Ло- мовтың айтуынша Ананьевтің талант- тарды көргіштігі ерекше болған. Кеңес психологиясының «алтын қорына» Ананьевтің «Педагогикалық бағалау- дың психологиясы» (1935), «Психоло- гия очерктері» (1945), «Сезімдік тану- дың психологиясы» (1960), «Түйсіктер теориясы» (1961), «ХVIII-ХІХ ғғ. Орыс психологиясы тарихының очерктері» (1967), «Адам танымның пәні ретін- де» (1969), т.б. еңбектері енді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *