АНАЛОГИЯ – тиісті, лайықты, ша- малас, сай келушілік. Объектілер ара- қатынасындағы кейбір ұқсастықтар. А. таным әрекетінде гипотезаны (жо- рамалды) ұсыну үшін пайдаланады. А. арқылы ойлау ғылыми жаңалық- тарға жеткізуі мүмкін. А. – жекелікке қарай дамитын нәтижелі ой қоры- тындысы. Аналогия – ұқсастық. Ұқсас нәрселерді салыстыра отырып зерттей- ді, аналогия арқылы жасалған қоры- тынды мәліметтер болжамды сипат- та болады.
АНАЛЬГЕЗИЯ – ауруға деген сез- гіштіктің төмендеуі немесе мүлдем жойылуы. А. анальгетик-дәрілерін қолдану арқылы немесе ауру көзімен байланыспаған объектілерге (музыка, шу және т.б.) шоғырлану, сондай-ақ сендіру, өзін-өзі сендіру немесе гип- ноздың көмегімен жүзеге аса алады. А. жалпы немесе нүктелік массаждың да көмегімен, сондай-ақ жылу неме- се суықты дененің белгілі бір нүктеле- ріне басу арқылы жасалады.
АНАМНЕЗ– адаммен тиімді жұмыс- ты ұйымдастыру мақсатында әртүрлі әдістермен алынған ол жөніндегі мағ- лұматтардың жиынтығы. А. ең алға- шында медициналық психологияда қолданылған болатын. Психологияның осы саласының өкілдері сол кездің өзінде объективтік А. – ауру адам- ның айналасындағы адамдардан алы- натын мағлұматтарды және субъек- тивтік А. – ауру адамның өзінен алы- натын мағлұматтарды бөліп көрсеткен. Қазіргі кезде А. ұғымы медициналық психология шеңберінен шығып, ауру процесімен байланысынан босап, адам- ның жеке-дара даму тарихы деген ұғымның синонимі ретінде қолданы- лады. Анамнез ұғымының медицина- дан алынуы, оның әдістерінің психо- логияға тікелей ауысуы қажет деген сөз емес. Мысалы, мектеп психологі баламен жұмыс жасағанда, ол жөнін- де негізгі ақпаратты жақындарынан, ең алдымен ата-аналарынан алады. Психологияда анамнездік мағлұмат- тарды алудың бірнеше түрлері бар:
- Объективті анамнезде мектеп пси- хологі бала жөніндегі мәліметті ата- анасынан, мұғалімінен және т.б. жа- қын адамдарынан алады. 2) Субъектив- ті анамнезде әңгімелесу баланың өзі- мен өтеді. 3) Қосымша ақпараттар- ды – құжаттар, медициналық карта- лар, мінездемелер, ведомостар, оқу үл- герімі, күнделіктер, баланың іс-әрекет нәтижелерін зерттеу. Тәжірибелі пси- хологтың негізгі міндеті – психика- лық дамудың белгілі бір жолын анық- тайтын факторларды, яғни бала өмірі- нің мәнді оқиғалары мен жағдайла- рын және олардың психиканың өз- геруіне әсер ету дәрежесін табу.