ӘЙБӘТМИЯ

ӘЙБӘТМИЯ, қоңыраугүл (Sphaepophusa) — бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда сортаң әйбәтмия (S. salsuva) түрі өседі. Ол Семей, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, Зайсан, Балқаш кедендерінің маңында сортаң топырақты, құмды жерлерде кездеседі. Биіктігі 30 — 80 см. Сабағы тік, жапырағы дара, қауырсын пішіндес. Гүлі ірі, қошқыл, ашық қызыл түсті, жемісі домалақ, тұқымы ұсақ болады. 3 — 4 жылдан кейін жеміс береді. Мамыр — шілдеайларында гүлдейді. Мал азығына пайдаланылады. Құрманда қан тоқтататын, қан қысымын төмендететін сферофизин алкалоиды бар болғандықтан дәрі ретінде де қолданылды. Әйбәтмия — жоңышқа, күріш, мақта егістігі мен бау-бақшаға зиянын тигізетін арамшөп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *