АЛҒЫС

АЛҒЫС – жақсылық жасағаны, ілтипаты, қызмет көрсеткені және т.б. үшін адамға (топқа, ұйымға) ризалық сезімі; өз тарапынан лайықты жауап беруге әзірлікпен білдіріледі. А. қо- ғамның құлықтық тіректерінің бірі болып табылады. А. – жақсылықты жақсылықпен өтеу жөніндегі мораль- дық талап. А. адам алғашқы қауым- дық ұжымда өзін бөлектей бастаған кезде, өзара қызмет көрсету тәжірибе- сі мүмкін болған уақытта пайда бол- ды. А. принципі әлеуметтік-құлықтық императив сипатында болды: сый- сияпат жасау міндетті деп есептеліп, барша жұрт тарапынан танылды. Бертін келе А. білдіру неғұрлым кең мәнге ие болды: тауарлар мен қызмет түрлерінің өзара айырбасының эконо- микалық және заңдық қарым-қаты- настарына құқықпен қалыптастырыл- маған қосымша деп саналды. Қазір- гі уақыттағы ұғынылуында А. адам- дардың қарым-қатынасындағы әділет- тілік принципінің аса маңызды көрі- нісі. А-ты жағымпаздықтан, пара- қорлықтан, жекелей және қоғамдық істерді жайғастырудың өзге де мо- ральға жат нысандарынан ажырата білу керек. Біреуге қатысты А. білді- ру міндеттілігі гуманизм, патриотизм, адалдық және т.б. принциптеріне келетін жағдаяттар моральдық тұрғы- дан неғұрлым күрделі болып шы- ғады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *