АЛҒАШҚЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ. (Нәресте-бал бөбек) – Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады. Мәселен, оның өсуі туған кезіндегі- сімен салыстырғанда бір жыл ішінде 25 процент өседі. Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де жұмсақ шеміршек тәрізді майысқақ келеді. Өйткені оның сүйегінде бор мен тұз қышқылы жеткіліксіздеу болады. Организмнің үздіксіз өсіп, дамуы өзара тығыз байланыста бола- тын процесс. Балалардың жас ерек- шелігіне байланысты түрлі мүшелер мен жүйелердің даму қарқыны бір- дей болмайды. Мәселен, адамның сү- йек, буын жүйелерінің дамуы жиыр- ма жасқа таман, көз бен есіту қызме- тінің дамуы жеті-он жас шамасында аяқталады.
Нәрестенің жүйке жүйесінің даму қарқыны да айтарлықтай болады. Ал- ғашқыда жаңа туған нәрестеде кей- бір шартсыз рефлекстер болады да (тамақ, қозғалыс, бағдар т.б.) кейін олар көбейе түседі. Шартты рефлек- стер екі-үш жетіден кейін (мәселен, бір мезгілде емізуге байланысты реф- лекстер) пайда бола бастайды. Екін- ші айда баланың барлық анализатор- ларында шартты рефлекстер жасалу- ға мүмкіншілік туады. Мәселен, екі айлық бала жай суды тәтті судан, ал үш айлық бала тәттіні тұздан, сон- дай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажырата алады. Төрт айлық бала айналасы- на көз тоқтатады, үйдегі адамдарды бөтен кісілерден ажырата бастайды. Бес айда көзбен қолдың координа- циясы (үйлесімі) қиюласады да, бала төңірегіндегі нәрсенің бәріне ұмты- лады, оны аузына апарады. Алты- жеті айлық балада үлкендерге елік- тей бастаудың элементтері (алақанын бір-біріне соғу, ырықты қозғалыстар жасау т.б.) ересектер айтқан сөздерге ұқсас дыбыстар шығаруы байқала- ды. Шартты рефлекстердің анализа- торларда пайда бола бастауымен нә- рестелік кезең аяқталады.
Бірінші жарты жылдықта ми қабы- ғында тежелудің барлық түрлері кө- рінеді. Бұл жағдайдың тәрбие про- цесі үшін ерекше маңызы бар екен- дігі белгілі.
Жарты жастан былай қарай балада
«Бұл не?» рефлекстері қауырт дами- ды. Қол сипай-сезу анализаторының қызметін атқаруға көшеді. Мұның өзі нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбек- теуге, айналасындағылармен қарым- қатынас жасауға мүмкіндік береді. Олар үлкендердің сұрауларына жауап қайтаруға тырысады.