АҚЫЛДЫҢ САПАЛАРЫ

АҚЫЛДЫҢ САПАЛАРЫ – ақылды дамыту және тәрбиелеу үшін оның жеке сапаларын естен шығармау ке- рек. Ол сапалардың ішіндегі ең басты- лары мыналар:

  1. Ақылдың сыншылдығы, яки ой жұ- мысын қатты мінеп, сынай білу; бел- гіленген гипотезаларды не қуаттайтын, не жоққа шығаратын дәлелдерді әр жағынан аударыстыра қарап, ақыл та- разысынан өткізу керек. Ақылы сын- шыл емес адам мәселені шешуде ойы- на алғаш келгеннің бәрін тұжырым- ды пікір деп қарауға бейім тұрады. Ақылдың сыншылдығының көрсет- кіші мыналар: адам өзінің болжаула- рын қашан да сыннан өткізілетін гипотеза деп қарауы керек; түрлі бол- жаулардың ішінен бұл сынды көтер- мейтін, лайықсыз деп танылғандары алынып тасталады: егер де мәселенің шартына және талабына дәл келме- гені байқалса, онда әрекеттен бас тар- ту керек. Сыншыл ақыл – «қатал» тәртіпті ақыл.

Қиялы бай, жүйрік адам ақылының сыншылдық сапасын тәрбиелеуге ерек- ше көңіл бөлуі тиіс. Қиялдың байлы- ғы ойдың қатал тәртіптілігімен қосы- лып келсе, ол творчестволық қызмет- тің мықты тірегі болмақ. Егер қиялды сыншыл ой тәртіпке келтірмесе, онда адам жүзеге аспайтын, іс болып шық- пайтын жоспарларға салынып, бос қиялшыл болып кетуі мүмкін.

  1. Ақылдың орамдылығы деп еркін кең ойлап, мәселені ескі әдетпен не үй- реншікті жолмен шеше салмай, оның орнына қарай, мәселенің шартына лайық жаңа әдістерін тауып, шешу қа- білетін айтады.

Ақылдың орамдылығы тек бірқа- лыпты тәсілдердің әсерінен аулақ бо- лудан ғана көрінбей, сонымен қатар, мәселені түрліше әдістермен шешуге әрекет жасаудан да бұрын бір сына- лып, қате деп табылған әдісті қайтала- мау әрекетінен де көрінеді. Көп адам- дардың бір мәселені шеше алмайтын себебі көбінесе баста бір ойына келген әдістің жарамсыз әдіс екендігін, оның ешқандай нәтиже бермейтінін біле тұра, оған қайта-қайта орала беруін- де. Бұл жерде ойдың өзінше «талап- сыздығы» байқалады: адам өз ойын бастапқы бір жолдан басқа жаққа бұ- ра алмайды.

  1. Ойдың кеңдігі мәселені тұтас, бү- тіндей қамти білуден көрінеді, соны- мен қатар іс үшін аса маңызы бар көп бөліктері мен түрлі ұсақ жақтарын да естен шығармайды.

Күрделі мәселені дұрыс шеше білу мәселенің барлық жағын оймен қан- шалықты толық қамти білуге, оның бір жақтарын шеше бастағанда, басқа жақтарының да қоятын талаптарына, шарттарына көңіл аудара білуге бай- ланысты. Күрделі математикалық есеп- терді шығаруда кездесетін қиыншы- лықтар мен қателердің көбі есептегі берілген шарттардың барлығын бір- дей қамти алмауға байланысты.

  1. Ойдың ұшқырлығы. Әртүрлі іс- әрекет саласы мәселені ойша шешу- дің жылдамдығына түрліше талап қояды… Бұл ақылдың басқа сапала- рының жоғары дәрежеде дамуының нәтижесі, ойлаудағы асығыстық бұ- ған бүтіндей қарама-қарсы қасиет бо- лып табылады.

 

АҚЫЛ Ойдың ұшқырлығы қажетті жағдай- да барлық ақыл күшін бір нүктеге жұмылдыруға ойлаудың жоғарғы бел- сенділігін тудыру қабілетіне байланыс- ты. Ойдың ұшқырлығы сондай-ақ мәселенің барлық жағын көруге мүм- кіндік беретін ойдың кеңдігіне де, тоқтамның дұрыс тәсілдеріне қайтадан оралып, уақыттың зая болуынан сақ- тайтын ақылдың икемділігіне де бай- ланысты. Ол түрлі жорамалдарды тез сынап, олардың жарамсыздарын алып тастап отыруға мүмкіндік беретін ой- дың сыншылдық қабілетінің жоғары дамуын талап етеді.

Ойдың ұшқырлығына қарама-қар- сы асығыстық ой жұмысының жалқау- лығынан болады. Ол адамды сына- лып біткен гипотезаларға сеніп, ауыр ой жұмысынан құтылу үшін кез- келген тоқтаммен, берілген мәселенің тек бір бөлігіне ғана негізделген тоқ- таммен келісуге итермелейді. Оның асығыстығымен күресе білу – ақыл- дың жақсы сапаларын дамытудың қа- жетті шарты.

 

АҚЫЛ-ОЙ ӘРЕКЕТІН ЖОСПАР- ЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯСЫ – ғалым-психолог П.Я.Гальпе- рин жасаған және оның шәкірттері дамытқан тұжырымдама. Бұл ақыл- ойдың алдын ала белгілі жоспар бо- йынша біртіндеп, сатылап берілген бі- лімді, икемділікті және дағдыны да- мытудың жалпы психологиялық негіз- дерін қарастыратын теория.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *