АҚЫЛ

АҚЫЛ – адамдардың сана-сезімін, жан-қуаттары мен қасиеттерінің жа- ғымды жақтарын көрсететін мағы- насы кең психологиялық категория. Қазақтың психологиялық ой-пікір қа- лыптасу тарихында бұл ұғымға ақын- жырауларымыз (Асан қайғы, Бұқар жырау, Шал ақын, Дулат т.б.) ерекше мән берген. Қазақ психологі М.Мұқа- новтың «Ақыл-ой өрісі» (Алматы, 1980) еңбегінде осы ұғымға терең психологиялық талдау берілген. Ға- лым А-дың кең мағынада қолданы- латынын қостай келіп, оны интеллект ұғымымен байланыстырады. Сөйтіп А. сана ұғымы секілді логикалық тұр- ғыдан кең мағынада айтылатын не- ше-түрлі деңгейлері бар ұғым болып табылады. Қазақ халқы бұл жағдайда адамдарды ақылды, ақылсыз деп қыс- қаша бөліп қараған. Психология ғы- лымында А. көбінесе ойлау процесі- менен тығыз байланысты. Соның ішінде продуктивті, нәтижелі ойлау деген- мен тоқайласады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *