АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ (1675-1768) –
әйгілі батыр, жауынгер, әскербасы- лардың бірі. Оның ақындық таланты тым ерте танылып, өзінің жалынды жырларымен халықты жат жұрттық басқыншыларға қарсы күреске жігер- лендіреді. Жырау толғауларында көш- пенділердің өзіндік психологиясы кө- рініс тапқан. Көшпенділер ежелден ақкөңіл, қонақжайлылығымен, мей- мандостығымен баршаға мәшһүр. Осынау ұлттық қасиет Ақтамберді толғауларындағы басты тақырыптар- дың бірі. Жырау түсінігінде қазақ үшін байлық – мал.
Малдың еті, сүті – тамақ та, жүні, тері- сі – киім. Мал – халқымыз үшін көш- се көлігі, мінсе жүйрігі болғанын же- ріне жеткізе айта келіп, жырау жас ұрпаққа айтқан ақыл-кеңестерінде осы төрт түлікті бағып-қағу үшін қалтқы- сыз еңбек ет, малшылық кәсіпті сүй, жай сүюден ештеңе шықпайды, оның тілін, бабын таба білуің қажет дейді. Мал атаулының қадір-қасиетін тебіре- не жырлаған жырау, сайып келгенде жастарды шаруашыл, еңбекқор болу- ға шақырады да, оларды бірлікке, та- тулыққа, ата-ананы сыйлауға, туған жерді басқыншы жаудан қорғай білу- ге, ержүректікке, батыр болуға үндей- ді. Өзі жөнінде бірде ойшыл ақын былай дейді: Жақынға қылман зор- лықты! Дұшпаннан көрген қорлығым, Сары бу болды жүректе, Он жетіде құрсанып, Қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп құдай тілекке!
Ақындық даңқымен қатар палуан- дық, батырлық даңқы қатар шыққан Ақтамберді жырау творчествосындағы басты мотив – жастарды ерлікке, ба- тырлыққа баулу, оларды дұшпаннан именбеуге, жауды құрақша жапыратын шабуылға жігерлендіру. Жыраудың өз басында жастар өнеге алатын қасиет көп. Мына төмендегі жолдарда ол өзінің батырлық тұлғасын көрсету арқылы, әрбір қазақ жасы дәл осындай болу керек деген идеяны айтқысы ке- леді. Енді сөзді қарт жыраудың өзіне берейік: Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым аңғайлап, Дұшпаннан көрген қорлықтан, Жалынды жүрек қан қайнап, Ел-жұртты қорғайлап,Өлімге жүрміз бас байлап… Жуылмай қастың қанымен, Намысқа тиген кір кетпес.
Ауыр жеңілістерді, дүркірей қашқан босқыншылықты көзімен көріп, ой- рат басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың алдыңғы са- пында жүріп, елге ұйытқы болған Ақтамберді жырау өз заманының та- лабын, өз ортасының тілек-мүддесін білдіріп, бүкіл қазақ болып атқа қо- нуды, сөйтіп, дұшпанға қирата соққы беруді армандайды. Ақын толғаула- рынан алға қойылған айқын мақсат, оны жүзеге асырудың жолдары, нақ- ты жоспарлар, келешектен үміттену («Үмітім бар ақырдан»), асқақ арман көрінеді. Ерте есейген, көргені мен түйгені көп, өмір тәжірибесі мол Ақ- тамберді жырау халқының келешегі жайлы көп армандаған.
Жырау арманы – халық арманы. Ас- тына арғымақ мініп, ақ кіреуке сауыт киіп, қоңыраулы, жалаулы найза кө- теріп, көп қолмен жауға тиісу, оны дүркіретіп қуу, сөйтіп, туған жерді дұшпаннан азат ету – сол кездегі әр- бір қазақ баласының асыл арманы болды. Жырау халықтың басына ауыр күн туған жағдайларда да олардың жарқын болашақтан күдерін үздірмей, жаудан үдере қашқан елге зор қуат береді. Жұртты жауға қарсы жаңа күреске, жеңіске жұмылдырады. «Ар- маны жоқ жігіттің дәрмені жоқ» де- гендей, осындай асқақ арман тек Ақ- тамберді жырау секілді ерік-жігері күшті, қайсар мінезді адамнан ғана табылатын қасиет.
Халқымыз ежелден ақкөңіл қонақ- жай, меймандос ел болған. Мейман- достық – бейбітшіліктің символы іспеттес. Көшпенді ата-бабаларымыз қашанда бейбітшілікті аңсаған. Өз бетімен ешкімге ұрынбаған. Той-думан, ас беру, қыз ұзату т.б. осындай ұлы жиындарда салтанат шеруі бірінен-бі- рі асып түсіп, ақ дәм, ақ дастарқан жаюлы тұрған. Ұлттық психология- ның осы жағы Ақтамберді толғаула- рындағы басты тақырыптың бірі сияқ- ты. Мұны төмендегі жолдардан жақ- сы аңғаруға болады. «Ойпаң жерге он отау, Қыраң жерге қырық шатыр ті- гіп, Қонағымды жайғасам! Пышақтан малым кетпесе, Қазаным оттан түс- песе, Ауылдан топыр үзілмей, Ошақ- тың оты өшпесе, Он кісіге жараса, Бір кісіге арнап тартқан табағым». Патриархалдық-феодалдық қазақ қо- ғамының бел баласы Ақтамберді бірде: «…Бұлаңдап жүрген жігіттің, Жомарт қолын жоқ кесер», – деп жыр- лайды. Көшпелі қазақ елі үшін өмі- рінің қуанышы, тіршілік көзі болған мал тақырыбына Ақтамберді өз тол- ғауларында қайта-қайта оралып соға берген. Жырау ұғымында халқымыз үшін мал асылы – жылқы. «Жылқыдан асқан мал бар ма? Биенің сүті сары бал, Қымыздан асқан дәм бар ма? Же- ліде құлын жусаса, Кермеде тұлпар бу- санса, Сәні келер ұйқының, Жылқы қолдан тайған соң, Қызығы кетер күл- кінің», – деп «Сары балдай» дертке да- уа, шипалы сусын қымызды, жемесең түсіңе кіретін жылқы етін ер жігіттің жан серігі, ең жақын досы болып та- былатын сәйгүлік тұлпарды ақын те- бірене жырлайды.
Мәселен, сәйгүлік, тұлпар, арғымақ се- кілді жылқының өзіне тән қасиеттері жайлы «от басар орны отаудай», «ор қояндай қабақты», «сапты аяқтай ерін- ді», «омырау еті есіктей», «ойынды еті бесіктей» деген теңеулерді жылқының өзіне тән ерекшеліктерін бес саусағындай білетін адамдар ғана ай- та алады. Бұл халқымыздың тікелей еңбек тәжірибесінің, мал шаруашы- лығына орай қалыптасқан ұлттық пси- хологиясының басты бір белгісі. Ақ- тамберді толғауларында бұдан басқа да тәрбиелік мәні бар ақыл-кеңестер аз емес. Осы орайда жырау көтерген мәселелерді топтастырсақ: бұларда жалғыз жүріп мұратқа жете алмай- сың, қайда болсаң да көппен бірге көр; білімнен күшті ешнәрсе жоқ, білімнен сусындау, оған ынтықтану, адамның тіршіліктен көретін негізгі ләззаттарының бірі («Білімді туған жақсылар аз да болса көппен тең»,
«Білімді туған жақсыға залал қылмас мың қарғыс»), өмірден күдер үзбеу, келешекке үміт арту – ер жігітке тән асыл қасиет («Үмітім бар ақырдан»,
«Орын тапқан ер жігіт жерсіз болар деймісің»); ата-ананы дұрыстап сый- лай алсаң намысыңа кір келтірмей, мінезіңді тізгіндеп оны еркіне жі- бермей жүрсең өз ісіңе ылғи да есеп беріп, алдыңа таудай талап қойып, тынбай әрекеттенсең ғана мақсат- мұратыңа жете аласың деп түйіндей- ді жырау («Әзір Мекке алдында, пе- йіліңмен сыйласаң, атаң менен анаң- ды», «Намысқа тиген кір кетпес», «Өз мінін білген жігіттің тәлімінде мін бар ма»). Ақтамберді жастарға ел-жұр- тыңды жан-тәніңмен сүй, бір-бірің- мен тату, ынтымақты бол, сонда ғана ойлаған ойыңа, көздеген мақсатыңа жете аласың деп салауатты кеңестер береді («Бірлігіңнен айрылма, бірлік- те бар қасиет, татулық болар береке, қылмасын жұрт келеке»).
Жау қолынан азат етілген қазақ же- ріне жұртты орнықтыру жолында қарт жырау – ақын қажымай-талмай қызмет етеді, өз қол астындағы елге жер жыртқызады, егін салдырады. Зерттеуші М.Мағауиннің айтуынша, ол Шыңғыс, Аягөз, Қаракөл өңірінде тоған қаздырған («Нашар қайтып күн көрер егін салар құлқы жоқ, жо- сып жүр әлі тоқтамай, мекен еткен жұрты жоқ… Талпынып салдым егінді»). «Бар арманым айтайын, Ба- тырларша жорықта, Өлмедім оқтан қайтейін, Ел аман болсын лайым», – деп жырау жарық дүниеден кеткен- ше үмітім бар ақырдан, деп ел бірлігін ойлап бейбітшілікті тілеп, туған хал- қының мұң-мұқтажын жоқтап, қабыр- ғасы қайысқан адамның сыңайын бай- қатады.