АҚКӨҢІЛДІК – мінездің түрі, адам баласының аяулы қасиеттерінің бірі. Ақкөңіл адамның басқалармен қа- рым-қатынасына ізгі ниеттілік, шы- найы тілектестік, ілтипаттылық пен жайдары қабақ, жарқын жүзділік тән.
«Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас» деген халық нақылында бұл тамаша адамгершілік қасиетке ие кісінің мі- нездемесі дәл де нәзік бейнеленген. Мұндай адамдар – баршаның ісі іл- гері бассын, көптің көңілі өссін, тө- ңірек түгел болып, жұрттың жүзіне жайдарылық нұры жайылсын деп тілейді, соған өздерінің көңілі көнши- ді. Олар сұратпай-ақ, басқаға көмекте- суге әзір тұрады, басқаны көңілден- діруге, шаттандыруға, қиындықтан құт- қаруға құмар. Халық ондай адамды ақжүрек кісі деп марапаттап, құр- меттейді.