АКСЕЛЕРАЦИЯ – соңғы 100-150
жылдар ішінде балалар мен жасөс- пірімдердің соматикалық дамуы мен физиологиялық жетілуінің тез жүруі. А. дененің салмағы мен көлемінің ар- туында, жыныстық жылдам жетілуде көрініс табады. Соңғы зерттеулердің статистикалық мәліметтеріне сүйен- сек, соңғы жүз жыл ішінде балалардың туғандағы бойының ұзындығы шама- мен 0,5-1 см-ге, ал салмағы 100-200 г өсті; 5-7 жастағы балалардың бойы әрбір он жылда 1,5 см, ал салмағы 0,5 кг өседі; мектеп жасындағы ба- лалардың бойы 10-15 см өскен. Жы- ныстық жетілу орташа алғанда 1-2 жасқа ерте басталады. Кейбір дәстүр- лі қатынастардың, оқыту-тәрбие жағ- дайларының сақталуы жағдайында мұндай жасөспірімдерде психоло- гиялық бөгеттер мен шиеленістер, мінез-құлықтың аффективті түрі көрініс табады. Сонымен қатар, психо- логиялық А. түсінігі де бар, ол – ба- лалардың ақыл-ой дамуының, жан қуаттарының түрлі әсерлерге орай тезірек дамуы.