АЙМАУЫТОВ ЖҮСІПБЕК (1889- 1931) – қазақтың ғылыми психоло- гиясы мен педагогикасының негізін салушы. Туған халқымен 60 жылдан кейін қайтадан көрісіп, біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сын- дарлы, терең мағыналы ғылыми ең- бектерді өндіре жазған адамдардың бірі. Бас-аяғы 5-6 жылдың ішінде оның осы салада 6 кітап жазуы – бұл айтқанымыздың жақсы айғағы. 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педа- гогикалық оқу орындарында оқитын- дарға арнап «Тәрбиеге жетекші» (Орын- бор, госиздат, 186-бет), 1926 жылы екі кітап, бірі – «Психология» (Қы- зылорда – Ташкент), екіншісі – «Жан жүйесі және өнер таңдау» (М. Цен- триздат, 81-бет), 1929 жылы «Ком- плекспен оқыту жолдары» (Қызылор- да, Казгосиздат, 129-бет), мектеп оқушыларына арналған «Жаңа ауыл» (екінші сыныпқа арналған оқу кітабы, Алматы, 1929-30 жж.),«Сауатсыздықты қалай жою керек?», т.б. жариялады. Мәселен, оның «Тәрбиеге жетекші- сінде» дидактика мен педагогикалық психологияның ғылыми астарлары, ұлт тіліндегі тәлім-тәрбиелік термин- дер жүйесі сөз болады. Еңбек төрт бөлімнен, 29 параграфтан тұрады. Осы кітаптың «Дидактика» бөлімінде оның психологиялық негіздері (ынталы оқыту, үйрету әдістері, машықтану жол- дары, оқытудағы көрнекілік, оқыту түрлері, т.б.) жиырмасыншы жылдар- дағы қазақ мектептерінің өмірінен алынған нақтылы мысалдармен те- рең талданады. Еңбектің төртінші бөлімінде де педагогикалық психоло- гияның кейбір мәселелері сөз бола- ды. Олар: ұстазбен шәкірт ынтымақ- тастығының басты белгілері, қазақ мектебінде сабақ өткізудің өзіндік ерекшеліктері сөз болады.
Ж.Аймауытовтың психологиялық мұрасы туралы айтқанда, оның «Пси- хология» атты төл оқу құралы толы- ғырақ сөз етуді қажет етеді. Өйткені бұл психология саласында төл тілі- мізде жазылған ғылыми мәнін күні бүгінге дейін жоймаған тұңғыш дү- ние екендігі даусыз. «Психология, – деп жазды автор осы кітаптың «Бет- ашарында, – терең ой, терең білім, терең пәлсапаға соғатын пән… өзге білімдер затшылдыққа табанын тіре- се де, психология әлі тіреп, яғни нық басқан жоқ… Қарапайым адамға жұм- бақ сықылды көрінетін талай нәр- селер психологияда қаралады… Се- бептері, сырлары айқындалады, бұ- лардан хабары болу, ақыл-ойына ерік беру кімге де болса, керекті. Бұл кі- тапты алдымен бала оқытушыларға ұсынамыз. Қала берсе кімде-кім әлеу- метпен, қоғаммен қатынасып, қыз- мет ететін болса, оның бәріне де пси- хология пайдалы кітап деп ойлаймыз. Хат танитын жәй қазақ та, арында- май оқи алса, едәуір білім алар деп сенеміз. Қиын жерлерін салғаннан ұқпаса оңай жерлерін оқып көрер, сөйте-сөйте біріне тісі батар». Оқыр- манына осылайша ой сала келіп, Жү- сіпбек «Психология нені сөйлейді?» дейтін бірінші тарауда осы ғылым- ның екі жарым мың жылдық тари- хынан біраз мағлұмат береді. Бұл жерде рационалистік (ақыл-ой), экс- перименттік (тәжірибе) психология- ның жай-жапсарын баяндайтын бет- тері өте тартымды. Кітаптың екінші тарауында адамның жан-дүниесін, мінез-құлқын, зерттеуді қайтіп ұйым- дастыруға болатындығын айта келіп (бақылау, анкета, әңгімелесу, тәжі- рибе әдістерінің мән-жайы), тәптіш- теп түсіндіреді. Ол – жан-дүниесінің заңдылықтарын зерттеуде математи- каны, оның «болжау қисыны» (тео- рия вероятности) дейтін саласын қа- лайша пайдалануға болатындығын қазақ топырағында алғаш рет сөз етеді. Кітаптың үшінші тарауы «Тірі заттардың қылығын жалпы мінез- деу» (қазіргі терминде «Психика жә- не сана») деп аталады. Мұнда пси- хофизикалық және психофизиология- лық құбылыстар, атап айтқанда, ор- ганизмнің, тітіркенушілік пен сезгіш- тік ерекшеліктері, жануар мен адам- ның дағды, инстинктері (соқыр се- зімдері) бұлардың бір-бірінен айыр- машылықтары, өсімдіктер дүниесін- дегі тіршілік белгісі (тропизмдер) ғы- лыми талдауға алынады. Осы тарау- да академик И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінің негізгі қағидалары сөз болады. Автор адам санасының даму жолын тарихи-қо- ғамдық тұрғыдан дұрыс көрсете ке- ле, қоғамдық (әлеуметтік) психоло- гияның негізгі мәселелерінің (топ, жұртшылық, қоғам, парасат, әдет т.б.) мәнін қазіргі психологиялық түсінік- тердің төңірегінде тәптіштейді.
«Денедегі кейбір мүшелер, олардың қызметтері» деп аталатын төртінші тарауда жан қуаттарының анатомия- лық-физиологиялық механизмдері, яғни жүйке саласы мен оның атқара- тын қызметі, қозу, тежелу процесте- рі, ми бөліктері, олардың қызметі, негізгі, сезім мүшелерінің (көз, құлақ, иіс, дәм, тері, т.б.) анатомиялық құры- лысы жөнінде мағлұматтар беріледі. Мәселен, адам тәнінің шамшырағы – көздің психологиялық механизмдері өте тартымды, шебер тілмен, дәйек- ті баяндалған.
Бесінші тарауда эмоция мен сезім, бет пен денедегі түрлі мәнерлі құбы- лыстардың келбет, көз әлпеті, ым-иша- ра, т.б. қазақ өмірінен алынған қызғы- лықты да, нақты деректер арқылы тү- сіндіріледі. Адамда жиі ұшырайтын сезім, көңіл күйлері (таңсыққойлық, қорқыныш, еліктеу, тентектік, паңдық, т.б.) және бұлардың психологиялық астарлары сөз болады. Түйсік пен қабылдау, перне іліктестігі, ассоциация мен апперцепция, ынта мен ілтипат, ес пен елес, қиял мен шығармашылық мәселелері – алтыншы, сегізінші та- раулардың бас тақырыптары. Бұлар- да классикалық психологияның негіз- гі қисындары: түйсіктің Бебер-Фех- нер тұжырымдаған психофизикалық заңы, Г.Гельмгольцтің резонанс (жаң- ғырық) теориясы, Беркли қисыны, т.б.төл тіліміздің өзіндік нақышымен жақ- сы түсіндіріледі.
Ал психологиялық басты проблемалар- дың бірінен саналатын ойлау мен сөйлеу, ұғым мен сөз, елестету мен ұғым, ойлау формалары (ұғым, пікір, ой қорытындылары) сияқты күрделі ғылыми категориялардың мән-мәнісі логика, психология ғылымдары тұрғы- сынан өз дәрежесінде талдау тапқан. Тоғызыншы тарауда ерік-жігер, қа- жыр-қайрат, бұларды тәрбиелеу жай- лы әңгіме болса, оныншы тарауда – ұйқы, түс көру, көз байлау (гипноз), т.б. парапсихологиялық құбылыстар жайлы айтылады. Он бірінші, он екінші тарауларда әдет-ғұрып, салт- сана, дәстүр, түрлі оң, теріс қылықтар- дың табиғаты, кісі психологиясын әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан қа- лыптастыру, сондай-ақ мәдениет пен өнердің: дін мен пәлсапаның, жағра- пиялық ортаның, тіл мен ауыз әдебие- тінің адамның жан-дүниесiне қалай- ша әсер ететіндігін нақты әрі тартым- ды мысалдар арқылы түсіндіреді.
Психология оқу құралында сурет, таблица, схема, т.б. түрлі безендіру- лерге ерекше мән берілген. Бұл ай- тылғандардың барлығы оқу кітапта- рының ажарын кіргізетін, олардың дидактикалық пәрменділігін арттыра- тын мәнді өлшемдер. Мұнда класси- калық психологиядан түпкілікті орын тепкен, күні бүгінге дейін қолданба- лық мәнін жоймаған түрлі аспап- құралдардың (спимограф, эстезиометр, кимограф, камертон, т.б.), сондай-ақ көптеген схема, таблицалардың су- реттері (жүйке саласының бөліктері, ми жарты шарларының құрылысы, есту, сипап-сезу мүшелері – көз, құлақ, тері, жүйке талшықтары, т.б.) орын тепкен.
Ж.Аймауытовтың психология сала- сында жазған екінші төл еңбегі «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (Мәскеу, 1926) өзіне ерекше назар аудартады. Мұнда автор ғылыми психологияда кең тараған анкета, байқау әдістері арқылы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қыр қазақтарының ұлт, әлеуметтік ерекшеліктерін ескере оты- рып, олардың мамандық таңдау жо- лындағы талпыныстарын тәжірибе арқылы анықтағысы келген. Зерттеу- дің басты мақсаты: Қазан төңкерісі- нен кейінгі жаңа заман жағдайында жастарға мамандықты дұрыс таң- дай білуге жәрдемдесу. Кітап мысал- дарынан сол кездегі қазақ жастарын, кеңсе, заң, т.б. осы секілді әкімгерлік қызметтер, сондай-ақ мұғалімдік, журналистік, сауда, медицина, т.б. мамандықтар ерекше қызықтырға- нын аңғарамыз. Автор мамандықтың жаманы жоқ, мұның кез келгеніне икемдік қажет, бұл жәй күнелтудің жо- лы ғана емес, үлкен өнерді, шеберлік- ті қажет ететінін айтады. «Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі, – деп жазды ол, – әлеуметтің мүшесі – әр адам өз ортасына қызмет етпеу. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайға қарай өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адам- ның жұмысы да өнімді, берекелі бол- мақ… әр өнер, әр қызмет мемлекет- ке, әлеуметке керек. Әлеумет те, мем- лекет те әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді, «…неғұрлым әр мүшесінің еңбегі жемісті болса, со- ғұрлым әлеумет тұрғысы да тез оңалмақ». «…Бас мақсатын біржола ұмы- тып, әлеумет қызметіне біржола бе- рілетін адам болуы мүмкін емес, он- дай адам кемде-кем. Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды, біреу бойын тежеп, бас мақсатын көбірек бағалайды. Айырма жалғыз осында… Қайткенде әрі жеке адамның, әрі әлеуметтік пайдасы бірден табыла- ды? Қай уақытта әлеумет тілегі мен жеке адам тілегі тоғысады? – әр адам табиғатына біткен қабілетіне, ыңға- йына, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады». Бүгін- гі нарық экономикасының талап-ті- лектері, мамандық таңдау мәселесіне басқаша бағыт-бағдар беріп отыр. Қазіргі заманда қандай мамандық ие- сі болмасын өз ісіне жеңіл-желпі қа- рай алмайтыны белгілі. Мұны Ж.Ай- мауытов та сол кездің өзінде қатты ескерткен: «Оқыған азаматтың қыз- метке тұрлаусыздығы, тез қызып, тез суығыштығы, білімі аз, шалалығы, құр даурық (демагогтік) боямалылығы, еліктегіш, мансапқорлығы, кеңсешіл- дігі, пайдакүнемдігі, негізгі мақсат- мұраты жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы – осының бәрі шын әлеумет қызметкерінің піспеген, шы- нықпағанын көрсетеді».
Аймауытов сол кездегі кейбір қазақ жігіттері әкімшілік, комиссарлық қызметке шектен тыс әуес болғанды- ғын, бұлардың осы салаға қызығуы, өнер қысқаннан туып отырмағанын, бұл бір жұқпалы дерт сияқты нәрсе деп келемеждейді. Автор осы жерде халқымыздың «Бәрін қойшы болсаң, құл боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң, жын боларсың» деген тама- ша мақалын келтіре, өте орынды дә- лелдеген. Автор қазақ жастарына егін салуды үйрен, отырықшы бол, ден- саулығыңды күт, шаруа тұрмысыңды түзет, газет, кітап оқуға әдеттен, қыс- қасы, мәдениетті адам болуға, алуан өнерді білетін кісі болуға тырыс дейді.
Ж.Аймауытов мамандық таңдау жай- лы өз пікірлерін жалғастыра келіп:
«Жұрттың бәрі – комиссар болғанда, осынша қызметтерді істеуші кім болмақ?» – дейді. Осы сұрақтың жауабын Жүсіпбек былайша түйін- дейді: «Әлеумет тұрмысы оңдалу үшін онымен бірге әр адамның тұрмысы түзелу үшін – әр адам қолынан ке- лерлік, пайда берерлік іс істеу керек. Әр адам қабілетіне, ыңғайына қарай өз орнында қызмет етпесе әлеуметке пайда орнына зиян келтіреді. Екінші, әр адам өз жолымен жүре алмай бөтен жолға түссе, оның бар таланты (озаттығы) жарыққа шыға алмай жер- ге көміледі. Ондай адам өмірге разы да болмайды». Автор, мамандық таңдауда адам өзінің жеке қасиеттері мен кейбір туыстан берілетін ерекше- ліктерін де (темперамент, нышан, т.б.) ескеру қажеттігін, бұл жерде кісі өзін- өзі басқарып, жеке басын жетілдіру- ге, кісілікке ұмтылуға ерекше мән бе- рудің маңыздылығын жалықпай қай- талап айтып өтеді. Өзіңде қандай та- лант, қандай зеректік, қандай қабілет, бір сөзбен айтқанда, қандай қасиет барлығын білуің қажет. Өзін-өзі та- нымаған адам, өзгені де тануға шор- қақ болады деп тұжырымдайды.
Аталмыш зерттеудің ғылымилығын арттыра түсетін басты ерекшелігі – мұнда еуропалық психолог ғалым- дардың осы тақырып төңірегінде жүр- гізген зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөліп, солармен салыстыра, сабақтастыра баяндалатындығында. Мә- селен, автор өз тұжырымдарын сол кездегі белгілі орыс психологі А.Ф.Ла- зурскийдің (1874-1917), сондай-ақ ат- тары әлемге әйгілі неміс және амери- кан психологтарына (Джемс, Мюнс- терберг, Штерн, т.б.) сілтеме жасап, бұларға өзіндік пікір білдіріп, осы мәселенің анық-қанығына, ұңғыл- шұңғылына ой жүгіртіп, сайып кел- генде, күні кешегі көшпелілер психо- логиясының жаңа жағдайдың әсері- мен біртіндеп өзгеріске түсе бастаға- нын паш етеді.
Ж.Аймауытов психологияның жеке- леген мәселелерін өзінің соңғы еңбе- гі «Комплексті оқыту жолдары» (Ал- маты, Қазақ» баспасы, 1929 ж.) атты кітабында да жол-жөнекей сөз етеді. Кітап 9 тараудан тұрады, ол педаго- гикалық курсты тыңдаушылар мен педтехникум студенттеріне арналып жазылған. Онда оқу бағдарламасы- ның жекелеген түрлеріне талдау жа- салынады, оның негізгі үш тірегі (жа- ратылыс, еңбек, қоғам мәселелері) туралы айта келіп, оқудың түп қазы- ғы – еңбек екендігін, мұны шәкірт психологиясына орайластыра жеткізу- дің қажеттігіне баса назар аударады. Автор «Комплексті оқыту не?» деген сауалға былайша жауап береді: «…бұл өмірдегі сан алуан құбылыстарды, нәрселерді бір тақырып пен пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқыту».
Автор оқыту барысында шәкірттер- дің эстетикалық (сұлулық) талғамы- ның ерекшеліктерімен санасу қажет дейді. Халық әндерінің психология- лық жақтарына талдау жасай келіп, ол былай дейді: «Жер, тұрмыс жағдайы- на қарай, әр елдің сазы (ән-күйі) да әр алуан, Түркістан елінің әні бұлтары- сы жоқ, тік тартар айқай, қайырмасы жоқ, келте немесе бірыңғай болып келеді, түйеге, атқа, есекке мінген адам болып, ауылдан былай шыға беріп:
«Ауылың сенің белде еді, аридай»,- деп қозғайды. Арқаның әні толқын- ды, ырғақты, айқайлы, зарлы, қайтала- малы, қайыруы ұзын болып келеді. Теріскейдің, батыстың әні мұңды, зарлы, шерлі, желдірме, көй-көй болып келеді». Ж.Аймауытов бұл жерде ұлт- тық (этностық) психологияға ерекше мән беріп отыр. Автор тәлімгер қауым- ға арналған тұжырымдарын: «ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнтталмаған, ізденбеген, соңы- на түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес», – деп психологиялық тұрғыдан түйіндейді. Біздегі ұлттық психологиялық термин- дердің алғаш жүйеге түсуі де Айма- уытов есімімен байланысты. Кей кез- де де термин сөздерге ауыр жүк жүк- телген, олардың жекелеген ғылым- ның өзіндік ерекшелігін бажайлап көрсете алуы абзал. Ғылыми ұғым- дардың ана тілімізде дұрыс түйінде- луі аса мұқияттылықты қажет етеді, сондықтан да біз әрбір терминнің тұрақты орын алуына, біртіндеп ши- рай түсуіне қамқор болғанымыз жөн. Жасыратыны жоқ, біздер осы күнге дейін терминдік олқылықтан шыға алмай келеміз. Осы айтылғандарға жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ Аймауытовтың ерекше назар аударға- ны құптарлық жәйт. Ұлттық ерекше- лікпен санасуды термин жасаудың негізгі принципі етіп ұстау – оның термин жасау тәжірибесінің негізгі кредосы дер едік.Ғылыми терминдік сөздерді автор- дың таңдау тұрғысы да ерекше назар аудартады. Себебі белгілі бір ұғым- ның баламасына алынып отырған термин сол ұғымның дәл мағынасын беруі, сондай-ақ оның келешекте қазақ тілінде алатын тұрақты орны қандай болмақ деген мәселе осы тұрғының негізгі мазмұнын белгілейді. Мәселен, автор еңбектерінде кездесетін әсер – впечетление, әуестік – любопытство, балалық – детство, тілек – желание, жан қуаттары – душевные силы, амал – действие, қызмет – деятельность, қы- лық – поведение, көңіл күй – нас- троение, мағына – смысл, мақсат – цель, мейірімділік – гуманность, ерік – воля, елігу – влечение, еліктеу – под- ражание, ұғым – понятие, ниет – на- мерение, рух – дух, т.б. осы іспеттес психологиялық ұғымдар күні бүгін- ге дейін төл оқулықтарымызда еш өзгеріске түспей, ұлттық терминдер қорының төрінен орын алып келеді. Ж.Аймауытовтың психологиялық қи- сындарының негізгі желісі – оның өзі тұжырымдаған мына төмендегі қисындарға келіп саяды: «Тән қуаты болса, жан қуаты да ажарлы болады»,
«Нашар жаннан – осал мінездер туа- ды…», «Жалынды сөз, жалынды жү- ректен шығады…», «Баланы іспен емес, сөзбен, үлгімен, ақылмен үйреткен адам сорлы… Адамның денесі қан- дай мысқалдап өсіп, жетілетін болса, пікірі де сондай, бірте-бірте жетіліп, өркенделмек… Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ- түйек жұмыста да көрінуі керек…», т.б. Аймауытов кітаптарының ерекше назар аударатын тағы бір басты ерек- шелігі – бұлар төл тіліміздегі тұңғыш психологиялық дүние болумен қатар бұрынғы Кеңес елін мекендеген түркі тектес халықтар тілдерінде алғаш жарық көрген бірден-бір туындылар екендігінде. Өйткені, қырқыншы жыл- дарға дейін әзірбайжан, өзбек, түр- кімен, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт тілдерінде ұлттық-психологиялық еңбектердің жарық көрмегенін ес- керсек, осы басылымдардың бағасы өлшеусіз арта түседі. Әрине, осындай өресі биік ғылыми түйіндері бар төл туындылардың сол кездегі отан- дық психологияның ғылыми сара жол- ға түсе қоймағанын, тіпті шет ай- мақтағы Қазақстан түгіл, Орталықта- ғы ғылым ордаларында да (Мәскеу, Петроград, т.б.) белгілі ғалым-пси- хологтар (К.Н.Корнилов, В.М.Бехте- ров, П.П.Блонский, т.б.) ескі түсінік- терден арыла алмағанын ескерсек, сондай қарбалас кезеңде жазылған Аймауытов кітаптарын қазіргі ұлттық игілікке айналдыру, тіпті оларды орыс не еуропа тілдерінің біріне айналды- ру – кезек күттірмейтін шұғыл еңбек- тердің бірі болмақ.