АЙҚАЙ – адам өзінің іс-әрекеті мен қылығына иелік ете алмай, айқайлап тіл қатуы, дауыс көтеріп сөйлеуі. А. әдеттегі сөйлеу мөлшерінен қатты шыққан дауысты немесе үнді білдіре- ді. «Айқай менің өз үйім, кең сарай- дай бөз үйім» деген қазақтың сөзі көңіл күйдің ризашылығын қатты шы- ғарған үні арқылы білдіруі. А-дың ауыспалы түрі ұран салу мағынасында қолданылады. («Айқайлап жауға тигенде, Ағатай – Беріш ұраным!» Махамбет). А. адамдардың іс-әреке- тіндегі сезім күйлерін білдіреді. Пси- хологиялық тұрғыдан алғанда, айқай- шылдық адамның жағымсыз қасиеті.