Бақытты сәттер

Өмірдегі 29 бақытты сәттер:

1. Тап-таза төсек-орында ұйықтағанда
2. Суды аяқпен шалпылдатқанда
3. Үш немесе одан да көп рет түшкіргенде
4. Сүрініп қалып құламағанда
5. Құмды аяғыңның саусақтарымен сезгенде
6. Көптен күткен СМС.
7. Шындыққа ұқсайтын өте қорқынышты түс көріп оның жәй ғана түс екеніне қуанғанда.
8. Сабақта сұрақтарға тарсылдатып жауап бергенде.
9. Балалық шақтағы суреттерді қарағанда.
10. Самал желде көзіңді жұмып қолыңды құс қанаты секілді көтергенде.
11. Сен жақсы көретін адам мейраммен құттықтаса.
12. Сөмкеңнен/киіміңнен ақша тапқанда.
13. Суық күнде мұздай көрпеңе оранып, көрпенің жылынып жатқанын сезгенде.
14. Байқаусыздан, бұрынғы парольыңды өтірік жазып ашып алғанда.
15. Шаш алдырып болған соң шашыңды ұстағанда.
16. Мұздатқыштың іші тойдан қалған тәттілерге толып турғанда.
17. Тасты лақтырып дәл тигізгенде.
18. Әңгіме арасында қасыңдағы адамның не айтатынын білгенде.
19. Өзіңді теледидардан көргенде (дисктен/телеарнадан) .
20. Жап-жаңа киімді кигенде.
21. Будильниктен екі,үш сағат ерте тұрып,әлі қанша уақыт ұйықтауға болатынын білгенде.
22. Кездейсоқ бір жерден балалық шақтың иісін сезгенде.
23. Ұнап қалған әнді қайта-қайта тыңдау.
24. Күлгенің соншалықты,көзіңнен жас ағып кеткенде.
25. Ұнап журген музыканы бір жерден естігенде
26. Кішкентай кезіңде ойнаған ойыншықтарды жинағанда.
27. Ыстық қолыңды мұздай суға салғанда
28. Жастықты салқын бетіне ауыстырғанда.
29. Шаршап келіп ұйық жастықты құшақтағанда.

Зәмзәгүл Жанабекқызы парақшасынан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *