АЙзЕНК ГАНС ЮРГЕН (1916-1997) – британ психологі. Психология- дағы биологиялық бағыттың көшбас- шыларының бірі. Г.Айзенктің жеке тұлға теориясы диспозициялық тео- рияның үш негізгі бағытының біреуі- не – қатаң бағытына жатады. Бұл бағыт адамның қатаң биологиялық құрылымдары: дене құрылымы, жүй- ке жүйесі, ми және белгілі жеке тұл- ғалық қасиеттері арасында қатаң сәйкестік құруға ұмтылады. Мәселен, Г.Айзенк «интроверсия – экстравер- сия (тұйықтылық-ашықтық) мидың ерекше құрылымы – ретикулярлық формацияның қызметімен байланыс- ты» деген болжам ұсынған.