АДЛЕР  АЛЬФРЕД

АДЛЕР  АЛЬФРЕД  (1870-1937) –

австриялық дәрігер және психолог. 1902  жылдан  Фрейдті жақтаушы, 1911 ж. онымен байланысын үзіп, өзінің «даралық психологиясы» кон- цепциясын жасады. Ол АҚШ-та қай- тыс болды, мұнда оның көзқараста- ры психиатрия мен педагогикаға ық- пал етті. А. жетімсіздік, «толымсыз- дық» сезімнен арылуға ұмтылушы- лықты адам психикасы дамуының негізгі қозғаушы күші деп жора- малдады.

Бұл ұмтылушылық индивидтің шығар- машылық белсенділігінің, оның бел- гілі бір жарымжандығының, әлеумет- тік жағдайындағы кемістіктің және т.б. орнын толтыруға мүмкіндік бе- ретін дарындылығының дамуы үшін стимулға айналады. А. былайша дәлел- деді: түс көру, қиял және басқа да си- рек кездесетін психикалық құбылыс- тар, Фрейд пайымдағандай, өткендегі жанға жара салған күйзелістердің бұрмаланған көрінісі емес, жеке адам- ның өмірлік проблемаларынан туа- тын «болжап білу» әрекеттері.

А. «өмірлік бағытты», сәби шақта қа- лыптасатын және жеке адамның өмір- лік мінез-құлқының өзегін (қалы- бын) жасайтын, оның мінездегі қылық- тарды, өмірлік қиындықтарды және т.б. жеңу мәнерін айқындайтын сана- лы емес «жобаны», «жоспарды» анық- тап, тиісті түзету енгізуді «даралық психология» міндеті деп есептеді. А- дің көзқарасы адам психикасына, сон- дай-ақ Сартрдың «экзистенциялық психоанализіне» түрткі болудың әлеум. факторларының маңыздылығын атап көрсеткен неофрейдизм өкілдеріне ықпал етті. Негізгі еңбектері: «Күйге- лек мінез туралы» (1912), «Даралық пси- хологиясының теориясы мен прак- тикасы» (1920), «Адамтану» (1927),

«Өмірдің мән-мағынасы» (1933).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *