АДАПТАЦИЯЛЫҚ СИНДРОМ

АДАПТАЦИЯЛЫҚ СИНДРОМ

адам және жануар ағзасының күшті және ұзақ мерзімді жағымсыз әсер- лерден (стрессорлардан) қорғаныш сипатындағы адаптациялық реакция- ларының жиынтығы. Стрессорлар әре- кеті салдарынан қалыптасатын функ- циялық күйді стресс деп атайды. А.с. ұғымын 1936 жылы канадалық фи- зиолог Г.Селье ұсынған. А.с. негізгі белгілері болып табылатындар: бүй- рек үсті қыртысының ұлғаюы, кей- бір бездердің, көк бауырдың және лимфа түйіндерінің кішіреюі, ыды- рау процестерінің көбеюі салдары- нан зат алмасудың бұзылуы. А.с. да- муында әдетте үш кезеңді бөліп көр- сетеді: Біріншісі – үрей кезеңі – бір- неше сағаттардан басталып, бірнеше тәулікке дейін созылатын күйге қар- сылық кезеңдерінен тұрады. Соңғы- сында организмнің қорғаныс реакция- ларының жинақылығы жүзеге асады. А.с. екіншісі – қарсы тұру кезеңіңде – организмнің түрлі әсерлерге төзім- ділігі артады. Бұл кезең не күйдің тұрақталуына және сауығуына әкеле- ді. А.с-ның үшінші кезеңі – тозуға ауысып, организмнің өлуіне алып ке- луі мүмкін. Сенсорлық А. бірнеше түрлері бар. Олар: ауырсыну адап- тациясы, иіс сезу адаптациясы, есту адаптациясы, көру адаптациясы, қы- сымға адаптация, негативті және позитивті адаптация.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *