АДАЛДЫҚ  ПЕН  АРАМДЫҚ

АДАЛДЫҚ  ПЕН  АРАМДЫҚ 

адамгершілік құлық талаптары тұр- ғысынан бір-біріне қарама-қарсы мо- ральдық ұғымдар. Адалдық – адам- гершіліктің аса маңызды талаптары- ның бірін бейнелейтін моральдық қа- сиет. Ол шыншылдық, әділдік, прин- циптілік, алған міндеттемелерінен жал- ған сөйлеп, жалтармаушылық, уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттерді қам- тиды.

А. адам мінезіндегі таза ниет, бағалы да ізгі қасиет. Адамның сана-сезімі- не, ар-ұжданына қайшы келмейтін, адами мақсат-мүддені көздейтін, та- рихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғам- ның адалдығы жайында өзіндік па- йым-түсінігі бар. Қазақ халқы әрқашан да адамгершілік пен адалдық қасиет- терін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады.

«Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолы өнерлі – қазақтың әулиесі сол», – дейді кемеңгер Абай. А. – адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайтын қасиет. А. туғаннан пай- да болмайды. Ол қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбие- сіне, оқып білім алуы мен адал еңбек- тену процесінде қалыптасып оты- ратын ізгі қасиет. А. – жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арт- тыратын ізгі қасиет, адам мінезіндегі аса ұнамды сапа. Адал – араб тілін- де «рұқсат етілген», «таза» деген ма- ғына беретін, білімімізге шариғат қа- ғидалары арқылы енген сөз. Арам- дық – моральдық қасиеттің адалдық- қа қарама-қарсы кесапатты түрі. Оған алдау-арбау, суайттық, жымысқылық, ұрлық, опасыздық, екіжүзділік сияқ- ты жаман қылықтар жатады. Халық арамдық бар жерде – сатқындық; әді- летсіздік бар жерде – жәбір; жалған- дық бар жерде – қиянат болатынын өмір тәжірибесінен анықтаған.

Мұсылман халықтарында «адал, арам» ұғымдарына өте зор мән беріледі. Алғашқысы «жақсы адам» дегенді біл- дірсе, соңғысы «жаман, оңбаған адам» дегенді ұқтырады. Адал – ешкімнің ақысын жеп, ала жібін аттамай, өз еңбегімен дүние жинап, күн көріп жатқан, ғайбат сөйлемейтін, кісіге қия- нат қылмайтын жан; арам – дүние- малы еңбексіз; ұрлық-қарлық, қулық- сұмдық, алдау-арбаудан жиналған, сонымен күн көріп жатқан екіжүзді, обал-сауаппен санаспайтын, жымыс- қы адам.

Адамдар саналы түрде бірге өмір сүргенде, өздері орындайтын, басшы- лыққа алатын талаптар жасап, олар- ды әрі қарай да жетілдіріп, толықты- рып отырды. Соның нәтижесінде адам- дар өздерінің іс-қимылына, жеп-ішу- еріне, әдет-қылықтарына қатысты қо- йылатын талаптарды, олардың шека- расын анықтаған. Сондықтан олар жеке басының қалауымен өмір сүріп, ойына келгенін істей алмаған. Өздері мойындаған, өмірде сынақтан өткізіп, пысықтаған, қоғамға сыйымдылығын қамтамасыз ететін шарттар аумағын- да әрекет жасаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *