АГРЕССИВТІК МІНЕз-ҚҰЛЫҚ

АГРЕССИВТІК МІНЕз-ҚҰЛЫҚ

(лат. aggressio – қаз. шабуыл жасау) адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субъекттің нұқ- сан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсе- туі немесе күш қолдануға тырысуы- мен сипатталады. А.м-қ. қарқынды- лығы мен пайда болу дәрежесі бо- йынша: жеккөрушілік, жақтырмаушы- лықтан – тіл тигізуге («вербалдық агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға («физикалық агрессия») де- йін түрленеді. Әлеуметтік-психология- лық тұрғыдан келгенде: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлық- тары жиынтығының, бұқаралық си- паттағы құбылыс ұғымының шеңбе- ріндегі тұлғааралық агрессияның – топтық агрессияға айналуының мәні бар. Шетелдік психологияда агрес- сивті мінез-құлықтың пайда болуы- ның, себеп-салдарларының сан алуан түсіндірмелері кездеседі. А.м-қ. нақ- ты көріністерін түсіну үшін тұлғалық және ұжымдық әрекеттің жалпы құры- лымындағы оның орнын айқындап ал- ған жөн. Мыс., агрессивтік акт субъект- тің қорғаныстық жауабына ұқсама- уына, аффекттің салдары еместігіне немесе А.м-қ. өзіндік мақсат-мүдде мен мәнге ие болып, ерекше тұлғалық және ұжымдық іс-әрекетке (ауытқы- ған, теріс мінез-құлық) көшуіне және т.б. баса назар аудару қажеттігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *