АГРЕССИЯ (лат. aggressio – қаз. шабуыл жасау) – әлеуметтегі адамдар- дың арақатынас тәртібінің талаптары- на қарама-қайшылықты себептенген деструктивтік қылық. А. объектілерге зиян келтіреді немесе психологиялық қолайсыздықтар (қайғыру, қорқыныш, басымдық, басқаның пікірін күшпен басып тастау т.с.с) туғызады. А. бірнеше түрге бөлінеді:
- басқаларға күш көрсететін;
- вербалдық А. – айқай, шу, қорқы- ту, табалау, ұрысу сияқты вербалды реакцияның мазмұны арқылы жа- ғымсыз сезімдермен танытатын; нега- тивті сезімдерді вербалды реакциялардың түрлері (ұрыс-керіс, шыңғыру) арқылы да, сондай-ақ мазмұны арқы- лы да (қорқыту, қарғау, балағаттау) шығару;
- тікелей А. – нақты объектіге неме- се біреуге бағытталған; жанама А. – басқа адамға жанама жолмен бағыт- талған. А. (жаман өсектер, қалжың- дар және т.с.с.);
- А. сондай-ақ бағытсыз, ретсіз жү- зеге асатын әрекеттер – айқай, аяқпен топырлау, үстелді жұдырықпен соғу және т.б. түрінде көрінетін ашу;
- инструменталды А. – қандай да бір мақсатқа жетуге құрал ретінде көрі- ніс береді;
- аутоагрессия – өзін-өзі кінәлау, өзін- өзі қорлау, өз денесіне физикалық қия- нат жасау, өзін кемсіту, тәнін зақымдау, кейбірде өзін өлтіруге дейін баруы- нан көрінеді;
- қастандық (қастық) А. – біреуге әдейі зиян келтіру немесе объектіні за- қымдау мақсатымен жасалады;
- альтруистік А. – басқалардың ша- буылынан қорғау мақсатымен си- патталады.
А. – адамдар қауымдастығында бір- лесіп өмір сүру нормалары мен ере- желеріне қарама-қайшы келетін, өзі бағытталған өлі немесе тірі объектіге нұқсан келтіретін, біршама мақсатты түрде жүзеге асатын деструктивті мі- нез-құлық. Әдетте А. салдарынан ті- рі объектілерде қорқыныш, үрей, қы- сылу туады. А. жаман қалжыңдар, өсек, тіптен кісі өлтіру, өзін-өзі өлті- руге дейін және т.б. баратын қиялда- ғы қастық ойдан шығарылған түрлі қиянатты әрекеттер. А. әрекеттер қан- дай да бір мақсатқа жету тәсілі (ин- струменталдық А.), психикалық кер- неуді босату амалы, сана астында тұншыққан қажеттілікті қанағаттан- дыру жолы, өзін-өзі жүзеге асыру жә- не өзін-өзі бекіту түрі ретінде көрініс табады.