АГНОзИЯ (грек. а – қаз. теріс бөл- шек +gnosis – қаз. білім) – бас миы жоғарғы бөліктерінің зақымдану сал- дарынан адамның қабылдауында та- нып білу қабілетінің бұзылуы. Таным- дық әрекеттердің (үрдістердің) көру, есту, сипау және басқа түрлерінің зақымдалғанын анық байқауға бола- ды. Мыс., мидың жұлын алабы за- қымдалса, адам өзі көріп тұрған сурет- терінің бейнесін дұрыс пайымдай алмайды. Оның тек жеке бөлшекте- рін ғана қабылдайды. Ол сөйлей алса да нәрселердің мәнді белгілерін мән- сіз белгілерінен ажырата алмайды. Ондай адамдардың ақыл-ойы қалып- ты болып көрінгенімен қабылдау үрдісінде ақаулық байқалады. Олардың кеңістікті қабылдауы (сипап сезуі, қимыл-қозғалысы) көру тітіркендір- гіштерін күшейту арқылы ғана іске асады.
Мидың желке алабы мен төбе бөлі- гінің төменгі алаптарының зақымдалу салдарынан кеңістікте дұрыс бағдар таба алмайды. Ауру өздігінен киіне алмайды, киімдерінің етек-жеңін, шал- барының балағы мен ышқырлығын, камзолының жағасы мен етегін шатас- тыра береді, өз төсегін де сала алмай- ды. Ұстаған заттарының тік және кө- беу жағдайын ажырата білмейді. Сі- ріңке шырпыларынан құрастырылып көрсетілген геометриялық фигура- ларды өздігінен құрай алмайды, әріп- тердің таңбасын оңды-солды ауыс- тырып жазады, қолының саусақтарын дұрыс атап көрсете алмайды. Есту А.- сына ұшыраған адамдар нәрселерді дыбыстарына қарай ажырата алмай- ды, сағат механизмінің соғуын, қоңы- раудың сылдырын, иттің үргенін де ажырата білмейді.
Ондай адамдардың танып білуіндегі кемістіктері мидың самай алабының зақымдалу салдары екендігі анық- талған. Ондай адамның есту қабілеті болғанымен, айтылған сөздерді ол дұ- рыс түсіне алмайды. Ал, сипау сезімде- рі зақымдалған адамдар өздерінің көрген нәрселерін көздерін жұмдырып, сол нәрселерді сипау арқылы байқап көргенде оларды танып біле алмаған. Мұндай кемістік мидың төбелік алабы- ның зақымдалғанын білдіреді. Адам- ның танып білу қабілетінен ажырау себептерін зерттеу нәтижелері ондай адамның зақымдалған мүшелерін ем- деп, оқу-тәрбие істерінде арнайы амал- тәсілдер қолданып, оның қабылдауын қалыпқа түсіруге болатындығын көр- сетеді. А. – ми сыңарларының локал- ды зақымдануы салдарынан адамның бұрын көргенін, естігенін, түйсінгенін қайтадан тани алмауы.
А. төмендегідей жіктеледі: 1) визуал- ды А. – көз өткірлігінің сақталуы- ның өзінде объектілерді, заттар мен олардың кескіндерін тұтас тани ал- мау, оларды бөлшектей алмау; 2) так- тилді А. – заттар мен объектілерді сипап ұстауда оларды тани алмау немесе өз денесінің локустарын тану- дың бұзылуы, соматоагнозия деп ата- латын дене құрылымы жөнінде абер- рациялық, бұрмаланған түсінік; 3) ке- ңістіктік А. – заттар мен олардың кескіндерін қабылдаудың сақталуын- да адамдардың түрлерін тани алмау;
4) есту А. – естудің фонематикалық қасиеттерінің, яғни сөйлеудегі дыбыс- тарды ажыратудың бұзылуы; 5) әріп- тік А. – оқудың бұзылу түрлерінің бірінің негізінде жататын А. түрі;
6) симультандық А. – бір мезгілде қабылданатын заттар мен құбылыс- тардың санының күрт азаюы.