АГГРАВАЦИЯ

АГГРАВАЦИЯ (лат aggravatio – қаз. салмақ түсіру, ауырлату) – белгілі бір аурудың белгі нышандарын асы- ра бағалау. А.-ға истероидтық акцен- туация (мінез-құлық ерекшеліктері- нің шектен тыс айқын көрінісі) сыр- қатына шалдыққандар, психопатия- лық аурулар, сондай-ақ түрінен ай- қын психикалық өзгерістер байқала- тын егде жастағы адамдар бейім ке- леді. А-ны қара басының қамы үшін өзінде жоқ ауруды сылтаурату тәрізді айла-амалдан айыра білу керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *