АВТОСУГГЕСТИЯ (өзін-өзі сенді- ру) – сендіру әсерінің объектісі мен субъектісі сәйкес болған жағдайда- ғы өзіне-өзі бағытталған сендіру про- цесі мен нәтижесі. А. адамның өзіндік реттелу деңгейін жоғарылатады. А. субъектіде өзінде белгілі бip түйсік- терді, қабылдауларды, сезімдерді ту- дыруға, өзінің ес, зейін, процестерін, эмоциялық соматикалық реакция- ларын меңгеруге мүмкіндік береді. Ырықты А. өзіне бағытталған сөздік (вербалдық) нұсқаулардың немесе та- лап етілетін физикалық немесе пси- хикалық күйдің өзгеруімен байла- нысты болатын жағдаяттарды ойша қайта жаңғырту негізінде жүзеге асады. Оның тиімділігіне психика- лық релаксация мен бай қиял әсер етеді. Ырықсыз А. субъекттің өз идея- ларына, тұжырымдамаларына, баға- лауларына, олардың дұрыстығы мен шынайылығына күмәннің болмауы- мен, сананың қадағалау функцияла- рының төмендеуімен сипатталады. Мұның салдары кейде психикалық ic-әpeкеттің енжарлығына әкеледі. А. өзіндегі белгілі бip аурудың қозуын күту және оның міндетті түрде бола- тынына өзін сендірумен бipге жүре- тін организмнің түрлі жүйелерінің бұзылуында көрініс табуы мүмкін. Ke- piciншe оқиға плацебо-эффект (пре- паратты қабылдағаннан кейінгі) жағ- дайында көрініс табады.