АВТОСТЕРЕОТИП

АВТОСТЕРЕОТИП (автотаптау- рын) – этностың өз салт-дәстүрі, мі- нез-құлық ерекшеліктері, мәселелер- ді шешу тәсілдері мен сыртқы бет- пішіні жөніндегі тұрақты түсініктері мен бейнелері. Олар көбінесе жағымды пікірлер кешенінен тұрады. Әдетте, жағымды автотаптаурындар сан жағынан басым болады. Сонымен қатар, жағымсыз автотаптаурындар да орын алады және олардың мәні кейбір тарихи кезеңдерде арта түсе- ді. Жағымсыз автотаптаурындардың негізгі функциясы туралы болжам- дар екеу: 1) өз этносын дискреди- тациялау ( өз этносына көңілі толма- ғандардың саны өскенде немесе бұл этностың санасында терең кемістік комплексі болған жағдайда); 2) өзде- рі туралы жағымсыз таптаурындар өзі- не деген сыни көзқарастың қажет- тілігімен және ұлт өкілдерінің өздерін жетілдіру қажеттілігімен байланыс- ты болуы мүмкін. Алайда осындай жағымсыз автотаптаурындардың кө- беюі этностың қорғаныс механиз- мінен айырылуына, оның өзіндік дискредитациясына алып келеді. Кей- де осындай жағымсыз автотаптау- рындарды басым этностың өкілдері жасанды түрде белгілі бір этностың өкілдерінің санасына сіңдіреді. Мұн- дай жағдайларда берілген этностың өкілдері фрустрацияға ұшырап, өзін- дік қадір-қасиеттің жойылуы, өзіндік төмен бағалаудың қалыптасуы, ха- лықтық рухының төмендеуі көрініс табады. Бұл кейде этностардың на- разылығын тудырып, ұлтаралық шие- леністерге алып келеді. Сонымен қа- тар, автотаптаурындардың негізіне сублимация (өз этносын асыра жоға- ры бағалау) механизмі де жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *