АВТОМАТИзМ (грек. automatus – қаз. өз бетінше әрекет етуші, өздігі- нен қозғалатын) – психологияда сана- ның (бақылауынсыз) тікелей қатысуын- сыз іске асатын әрекет. А. «алғашқы» туыла берілетін шартсыз-рефлектор- лық бағдарлама негізінде, және «екін- ші» өмір тіршілігінің барысында қалыптасады.
А. адамның өміріндегі қажеті, мүдде- сі мен күш-жігерінің белсенділігіне сәйкес туып, дамып отырады. А. көбі- не әдет пен дағдыға тән. Қимыл-әрекет- ті автоматтандыру адамның жүйке, бұлшық ет қызметін жеңілдетеді, күш- жігерін үнемдеп, шаршап-шалдығуын бәсеңдетеді.
Шартты рефлекс байланыстарының (динамикалық стереотип) тұрақты жү- йесінің пайда болуы автоматизмнің физиологиялық негізіне айналады. Сөйтіп, екінші сигналды жүйенің бір- қатар байланыстарының орнын бірін- ші сигналды жүйе байланыстары ием- денеді. Қалыпты жағдайда А. саналы түрде реттелетін әрекеттің компонен- ті болып табылады. А.-нің бөлектенуі патологияға меңзейді. Олар мотор- лық, тілдік және интеллектуалдық ав- томатизмдерге бөлінеді.
А. жалпы психологияда да (дағды- лардың қалыптасуын зерттеуде), сон- дай-ақ қолданбалы психологияда да (медициналық, инженерлік) зертте- леді. Мыс., ол жестикуляцияда, жүрісте, соматопиялық қалыптардың пайда болуында көрініс табады. Генетикалық туа біткен факторлармен себептене- тін шартсыз-рефлекторлық бағдарла- малардың іске асуы болып табыла- тын «алғашқы ретті» А. және адам- ның ортада тіршілік іс-әрекеті нәти- жесінде қалыптасатын «екінші ретті» А. ажыратылады. «Екінші ретті» А. нәтижесінде жағдайлар, эпизодтар, жағдаяттар мен саналы бағдарлауды қажет ететін операция-әрекеттер ие- рархиясы арасында байланыс тұрғы- зылады. Осылайша, болмыста, жағ- даятта және әрекеттерді орындаудың өзінде бағдарлау қажеттілігінің өзі элиминацияланады.
Мыс., мәнді оқиғалардың пайда бо- луы немесе белгілі бір жағдаяттарда сигналды-стимулдық қасиеттердің пайда болуы тура сол сәтте адамда опе- рациялардың бүкіл ретін жібереді. Алайда қандай да бір қате жіберілген күнде немесе бөгеттердің пайда бо- луына деавтоматизация (операция- ның өздігінен орындалмауы) жүзеге асады. А. адамның өміріндегі қажет- тілігі, мүддесі және күш-жігерінің бел- сенділігіне сәйкес туып, дамып оты- рады. А. көбінесе әдеттер мен дағды- ға тән. Қимыл-әрекетті автоматтанды- ру адамның жүйке, бұлшық ет қызме- тін жеңілдетеді, күш-жігерін үнем- деп, шаршап-шалдығуын бәсеңдетеді. Шартты рефлекс байланыстарының тұрақты жүйесінің пайда болуы (ди- намикалық стереотип) А. физиоло- гиялық негізіне айналады. Әдетте, мо- торлық, вербалдық және интеллектуал- дық А. деп бөліп көрсетеді. Бірақ, со- нымен қатар, сезімдік-эмотивті А. бө- ліп шығаруға болады. Олар коммуни- кация, қарым-қатынас жағдайында (әсіресе, әйел мен еркектің кездесуі мен қарым-қатынасы жағдайында) орын алады. Осылайша, А. негізінде автоматтандырылған тізбекті рефлекс немесе өздігінен болатын тізбекті рефлекс жатады. Жүру, жүгіру және т.б. кезіндегі афференттік қозудың алмасып отыруы осыған мысал болады.