АБСТРАКЦИЯ

АБСТРАКЦИЯ (лат. abstractio – қаз. бұру, аудару) ойлаудың негізгі операцияларының бipi. 1) А. (дерек- сіздендіру) – нақты заттар мен құбы- лыстардың қасиеттерін ой арқылы ажырататын тәсіл. А. нәрселер бейне- сін тікелей сезім арқылы танып білу сатысында қолданыла бастайды. Мыс., заттың түрі мен тұрпаты оның түсі мен реңінен бөлек қарастырылады. А. ең жоғары сатысы заттар мен құбылыстардың белгі қасиеттерін та- нып білуде олардың айрықша мәнді және жалпы белгілерін атап көрсету. А. нақтылау сияқты ой-әрекеттері- мен тығыз байланысты. Затты, құбы- лысты белгісінен, қасиетінен ажыра- ту ой операциясының функциясы;

2) А. (дерексіз түсінік). А. деп ой опе- рациясын, заттардың бірқатар қасиет- терін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса бip бiзгe керек қасиетін бө- ліп қарауды айтады.

Мыс., «күш – сападан маңыздырақ» дейміз, бipaқ нақты қай күш туралы әңгіме болып отырғанын: адамның кү- ші ме, жануардың, автокөліктің күшi ме, жерге тартылу күші ме т.с.с. ол жа- ғын түciндіріп жатпауымызға болады. Бұл жерде өзіндік қасиеті бар бip нәрседен алшақтап жалпы қасиет ту- ралы айтамыз. A. eкі түрге бөлінеді: а) дифференциалды А. заттардың автономды қасиеттерін, күйін немесе предикаттарын салыстырмалы бөліп

 

7           АБУЛ

көрсететін; б) ресми (формалды) А. заттан тәуелсіз әртүрлі қасиеттері-пре- дикаттары-параметрлері арқылы көр- сететін. А. – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін ой-тәсілдерінің бipi. А. – адам менталдығының субстантив- ті үрдістерінің бipi. Ол адамға объект- тің қасиеттерін, аспектілерін, күйле- рін дербес заттарға, объектіге рефлек- сивті түрде бөліп, ауыстыру. Бұл үр- дістің нәтижесі – А. терминмен атау- ға болатын, ойлау өнімінің (ұғымдар, теориялар және т.б.) қалыптасуы. Абстракциялау деп – заттардың бірқа- тар қасиеттерін ойша дерексізден- діріп, қандай да болса бip бiзгe керек қасиетін бөліп алып қарауды атайды. Мыс., адамның көзіне жақсы әсер ететін түс ретінде жасыл түс туралы айтып, жасыл түспен боялған нақты затты айтпауымызға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *