АБСТИНЕНЦИЯ (лат. abstinentia – қаз. ұстамдылық) – шараптық ішім- діктерін немесе еcipткi заттарын қол- дануды кенет үзу кезінде осы заттар- дың әсерінің тоқтауынан туындай- тын күй. А. өзіне тән көріністері – бас ауруы, бас айналуы, ауыздағы құр- ғақтық, тахикардия, кейде жүректің айнуы, көбінесе өзін-өзі кінәлау, ке- шірім сұраумен бipге жүретін күйре- ген көңіл күй, кенет болатын физика- лық әлсіздік, жоғары сезгіштік, нарко- тикке қажеттілік және т.б. Сонымен қатар, бұл жағдайда ұйқының бұзы- луы, шошу, мазасыздық, суицидтік тенденция, алкогольдік қояншық ау- руы пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, психологияда адамның жыныс- тық А-сы да бөліп көрсетіледі. Ол –
жыныстық қарым-қатынастан айы- рылудан немесе бас тартудан көріне- тін күй. Жыныстық А. екі түрлі бола- ды: тоталды – жыныстық белсенділік- тің барлық түрлерінің жойылуы жә- не парциалды – ұзақ уақыттық үзіліс- пен болатын жыныстық күй.