ӘЗІМОВ  СЕРГЕЙ ЖҰМАБАЙҰЛЫ

ӘЗІМОВ  СЕРГЕЙ ЖҰМАБАЙҰЛЫ (1954 жылы 30 маусымда ӨзКСР-ның Қарақалпақстанындағы Нүкіс қаласы) — кинорежиссер, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кинорежиссура факультетін бітірген (Мәскеу қаласы, 1978), 1983-90ж. Қазақстан Кинематографистер одағының хатшысы қызметін атқарды. Бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін және экол.қасіретті батыл көрсеткен көптеген деректі кинофильмдердің режиссері («Жоқтау», «Шеңбер», «Маңғыстау атты бір ел бар», «Мен Абайды әкем деймін», «Интервал», «Қазақстан тарихына саяхат», «Әлихан мен Мұстафа:аңыз бен ақиқат», «Дуэт» т.б.). «Жоқтау» фильмі Франция, Болгария,Чехословакия (1991), Бразилия (1992) мемл-терінде халықар.жүлде алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *