ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ НЕМЕСЕ СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР НЕМЕСЕ
СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Орфоэпиялық ережелерді ұсынбас бұрын олардың берілу тәртібі жайында бірер ескертпе айтуға тура келеді.
Орфоэпиялық қағидалардың ұсынылу қалпы (тәртібі, әдісі, стилі) емле ережелерінің берілу тәртібінен біраз өзгешелеу болады. Бұл құрал, бір жағынан, мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне, мектеп оқушылары мен студенттерге ұсынылғандықтан, осы ережелерді жақсы игертулері және игерулері үшін, олар кеңірек дәлелденіп, түсіндірілді. Мысалдар да көбірек келтірілді. Оның үстіне үйренушілер жаттыға түсулері үшін бұл ережелерге сөйлеу тәжірибесінде тапсырмалар беріліп отырды. Ол тапсырмаларды тек сөз сазын үйретуші мұғалімдер, консультанттар т.т. ғана емес, орфоэпия ережелерін өз бетімен игеремін деген жеке адамдар да орындауларына болады, өйткені мұндай жаттығулар ережені іс-жүзінде игере түсуге әбден көмектеседі. Ережені теория жүзінде біліп алу бар да, оны іс жүзінде пайдалана білу бар ғой. Сөзді дұрыс жазу мен сөзді дұрыс айтуға келгенде, жалаң теорияны, яғни ережелерді білу ғана емес, тәжірибенің де, яғни жазу мен сөйлеудің мәні зор.
Екінші бір ескертетін нәрсе – әрбір бапта (параграфта) ұсынылған ереженің жалғасы ретінде ережеге қатысты айтылатын қосымша түсіндірулер, дәлелдемелер беріледі. Оларды да ереже бөлігі деп тану қажет.
Сөзді дұрыс айту ережелерін, олардың түсіндірмелерін, дәлелдемелерін ұсыну үстінде сөздердің жазылуы да жиі көрсетіліп отырылады, оның себебі, бір жағынан, қазақ тілінде сөздің жазылуы мен айтылуы әрдайым бірдей түсіп отырмайтындығын ескертуде болса, екінші жағынан, жазуға қарап оқып (айтып, дыбыстап), оқуға (айтуға, дыбыстауға) қарап жазып шатасу қаупінен сақтандыруда болып отыр.
Сөз сазы ережелері, емле ережелері сияқты баптарға (параграфтарға) ажыратылып берілді. Алды-артындағы түсіндірмелер мен жаттығу материалдарынан бөліп көрсету үшін, ереженің өзі жалпы текстен сәл шегіндіріліп терілді.
§ 1. Қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, өзара үйлесетін, үндесетін тұстарының бірі – қатаң дыбыстардың ұяңдайтын жерлері.
Ырғақтық топ құрайтын сөздердің алғашқысы дауысты а, е, ы, і, у (ұу, үу), и (ый, ій) дыбыстарының біріне аяқталса, екінші сөз қ, к дыбыстарынан басталса, соңғылар ұяңдап, ғ, г болып айтылады.
Мысалдар: 1) Сөйлеу үстінде ырғақтық топ құрайтын анықтауыш пен анықталғыштардың қатаң қ, к дыбыстарының ұяңдауы:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *