ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ

9.      ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАБАТТАСА ҚОЛДАНЫЛУЫ

 

§ 75. Құрмалас сөйлемдегі бірақ, сонда да, алайда, сондықтан, дегенмен сияқты жалғаулықтар түсіп қалғанда, екі сөйлем арасына (жалғаулықтар айтылмаған жерге) әуелі үтір, одан кейін сызықша қойылады (II тарау,

§100-ты қараңыз).

§ 76. Сызықша нүктемен, үтірмен, сұрау және леп белгілерімен, көп нүктемен қабаттаса келгенде, сол тыныс белгілерінен кейін қойылады:

–                                  Енді сен не істемекшісің? – деді ана баласының сөзін бөліп. (М.Горький). – Мен… – деп, Асқар азғана кідіріп бірдемені қиял еткендей бөгеліп тұрды да, – көлді жағалап қайтамын, – деді (С.Мұқанов).

–                   Рас! – деп, Тоғжан қызара түсіп көзін төмендетті. – Сізді мен бір көрдім (М.Әуезов).

§ 77. Нүкте мен сызықша қатар қойылатын орындарды II тараудағы

§114-тан қараңыз.

§ 78. Тырнақша мен нүкте, үтір, сұрау, леп белгілері және көп нүкте қабаттаса келгенде, олар былайша орналасады:

а) егер леп, сұрау белгілері және көп нүкте тырнақшаға алынған сөйлемге ғана қатысты болса, олар тырнақшадан бұрын қойылады, ал үтір мен нүкте тырнақшадан соң қойылады:

“Өзім алып шығайын”, – деп ойлады Бүркітбай (С.Мұқанов).

“Өзім алып шықсам қайтеді?” – деп ойлады Бүркітбай. “Ешкім де емес, өзім алып шығам!”– деді Бүркітбай. “Өзім алып шығайын”. (“Өзім алып шығайын.” деп жазған дұрыс емес.)

Бұлармен қабаттаса сызықша жүрсе, ол тырнақшадан соң қойылады (жоғарыдағы мысалдарды қараңыз).

ә) Тырнақшаға алынуға тиісті құрылым тұтас сөйлем емес, оның ішіндегі жеке сөздер не сөз тізбектері болса,  сөйлем  соңына  қойылатын леп, сұрау белгілері мен көп нүкте қатар келген тырнақшаның сыртынан қойылады.

– Әй, қайтып келесің бе “бала”? – деп қалжыңдай айғайлайды ол жолдасына. О, шіркін, осы ән ғой “құлақтан кіріп, бойды алар”!

б) Сөйлем тырнақша жабылған жерден бітіп тұрса, леп, сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшаның іш жағынан қойылғанда, тырнақшаның сыртына басқа тыныс белгісі (сызықшадан бөтен) қойылмайды:

“Олай болса, – деп ойлады Асқар, – мынау көш не?” 1914 жылдан бергі нөмірлерін Асқар тез-тез жүгіртіп қарап шықты: “Екі жылда Франция қырық миллиард шығын ұстаған…” (С.Мұқанов).

§ 79. Нүкте, леп, сұрау белгілері және көп нүкте жақша ішінде алынған текске қатысты болса, жақшаның ішінен қойылады. Жақшаның сыртына жалпы сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады:


Байқауымша, әңгіме былай:

Біріншіден (рас қой мұным?), Орыс үйі көрмей тыным,

Қонақ күткен, сөз қылып ұдай… (А.С.Пушкин)

§ 80. Баяндаманың, сөйленген сөздердің ішіндегі жақшаға алынған ремаркалар сөйлем соңында келгенде, тыныс белгісі мен жақша былай қабаттасады:

Ремарканың алдындағы сөйлем соңына қойылатын нүкте жақшаның алдынан қойылмай, соңынан (ремаркадан кейін) бір-ақ қойылуы мүмкін:

Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз (Қол шапалақтау).

Немесе ремарканың алдынан бір нүкте, жақша ішіне я болмаса сыртына тағы нүкте қойылып жазылуы да мүмкін:

Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз. (Қол шапалақтау.)

Былай қоюға да болады:

Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз.(Қол шапалақтау).

Келтірілген дәйексөздің қайдан және кімдікі екенін  көрсету  үшін жақша ішіне алынып жазылған сөздердің тыныс белгілерінің орналасуы да осындай.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай). Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. (Абай.) Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. (Абай). Көбінесе  мұның 1- және 2-түрлері жиі қолданылады.

§ 81. Драмалық шығармалардағы жақшаға алынатын ремаркалардың тыныс белгілерінің орналасу тәртібі мынадай:

а) ремарка кейіпкердің атынан кейін қатар келгенде, нүкте жақшаның сыртына қойылады. Кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылмайды.

Б а я н (аз ойланып). Үш түрлі шарт қойсам, орындармысың? (Ғ.Мүсірепов).

ә) Ремарка кейіпкердің сөзінің ішінде екі сөйлемнің арасында немесе кейіпкер сөздің аяғында келсе, нүкте жақшаның  ішіне  қойылады; жақшаның алдынан сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады:

А м а н г е л д і . Миша! (Жайнаққа.) Әкет мыналарыңды! (Жайнақ Жапарларды айдап кетеді.)

§ 82. Тырнақшаға алынған дәйексөздің немесе басқаларының өзі тырнақшаға алынған сөздерден, сөйлемнен басталса, немесе аяқталса, екі тырнақша қатар қойылмай, біреуі-ақ қойылады, яғни ол жалпы дәйексөздің ішіндегі тырнақшаға алынған сөздерге де тиісті болады.

§ 83. Жақша ішіне алынған сөздердің тұрған жеріне қойылатын тыныс белгісі жақшадан соң қойылады.

Аңдағұл атынан рудың он шақты аулы айнала қонып жайлайтын Алуа атты шалқар көл бар (оған кейін ораламыз), көлдің әр тұсынан су ағар жыралар қосылады (С.Мұқанов).

Егер жақша ішіндегі қыстырма жоқ болса, мұндағы үтір шалқар көл


бар деп аяқталатын жай сөйлемнен кейін қойылуы тиіс еді.

§ 84. Сұрау, леп белгілері көп нүктемен қабаттаса келгенде, әуелі сұрау не леп белгісі, одан кейін қатар екі (үш емес) нүкте қойылады. Ал  леп белгісі, сұрау белгісі, көп нүкте – үшеуі қатар келгенде, мағынасына қарай әуелі сұрау мен леп белгісі (не леп пен сұрау белгісі), одан кейін бір нүкте қойылады (II тараудағы § 12-ты қараңыз).

§ 85.  Лептік те, сұраулық та мәні бар сөйлемдерден кейін леп белгісі  де, сұрау белгісі де қатар қойылады. Сөйлемнің қай мәні басым болса, әуелі сол мәнге тиісті белгі қойылады (II тарау, § 15-ты қараңыз).

§ 86. Бірыңғай мүшелердің не құрмаластағы жай  сөйлемдердің арасында көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды:

Сатылып кеткен бурыл биенің құлындарын кісінікі деуге қимаймын… іштей өзімсінем… көргім келеді де тұрады және көре де берем! (С.Мұқанов.)

§ 87. Қаратпа, одағай сөздерден және сөйлем басында келген иә, жоқ

деген сөздерден кейін көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды:

– Жаным! Асылым… барым бір әзің! (М.Әуезов).

О… білем, білем!

–  Ақмола ма ?

–  Жоқ… Омбы, Қызылжардың бірі (Ғ.Мүсірепов).

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *