2. СЫЗЫҚША
§ 42. Сызықша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылады ( І І тараудағы § 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30, 31, 32, 33, 36, 38, 42-тарды
қараңыз).
§ 43. Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қойылады (II тарау, § 93-94-тарды қараңыз).
§ 44. Алдында жалпылауыш сөзі бар бірыңғай мүшелерден кейін сөйлем аяқталмаса, ең соңғы бірыңғай мүшеден соң сызықша қойылады (II тарау, § 92-ты қараңыз).
§ 45. Диалог төл сөздің алды-артынан (егер төл сөзден кейін автор сөзі тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша қойылады (II тараудағы § 114, 115-тарды қараңыз).
§ 46. Сызықша жалғаулықсыз салаластардың арасына қойылады (II тарау, § 100, 102, 170-ты қараңыз).
§ 47. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша қойылады (§ 69-ты қараңыз).
§ 48. Бірыңғай сұраулы мүшелерді немесе сұраулы сөйлемдерді жинақтап тұратын әйтеуір деген сөз түсіп қалған жерге сызықша қойылады:
Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе – денесі зілдей ауыр екен. (С.Мұқанов).
§ 49. Оңашаланған айқындауыштың алдынан сызықша қойылады (II тарау, § 74-ты қараңыз).
§ 50. Сонда, сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай деген сөздерге аяқталған тіркестен кейін жеке сөйлем тұрса, бұл сөздерден кейін сызықша қойылады (II тарау, § 112-ты қараңыз).
§ 51. Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына сызықща қойылады (ол -дан жалғауы мен шейін шылауының мағынасын білдіреді): Мойынты – Шу темір жолы. Институтта күніне 6-8 сағат лекция болады. Машина сағатына 30-45 километрден жүріп отырып,
жолдың жартысына келіп қалды.
Бұларды белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынасындағы қос сөз сан есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады: Кермеге төрт-бес ат қатар байланыпты (мұндағы төрт-бес болжалды сан есім). Екі-үш күннен бері жаңбыр жауып тұр (мұнда да екі-үш – болжалды сан есім).