ӘЗЕРБАЙЖАНДАР

ӘЗЕРБАЙЖАНДАР (өзд.атауы – азербайджанлылар) – Әзербайжан Республикасының байырғы халқы. Ә.респ-да 5,8 млн., Ресей Федерациясында 336 мың, Иранда 10430 мың, Грузияда 307 мың адам, Қазақстан, Армения, Ауғанстан, Ирак, Түркия т.б. елдерде тұрады. Жалпы саны 17,2 млн.адам (1992). Ресейдің ресми құжаттарында бұл халықты түркілер, татарлар деп атаған. Ә.өз ішінде айрум, афшар, баят, қарадағ, қарапапах, шахселен т.б. субэник. Топтарға жіктеледі. Тілі түркінің оғыз тобына жатады, жазуы латын және орыс графикасына негізделген, діні бойынша мұсылман- шииттер. Ә-дың халық ретінде ұйысуы б.з.б. Кавказдың көне мемл-тері Маны, Кавказ Албаниясы, Мидия, Атропатоныдан бастау алады. 7 ғ-да арабтар жаулап алған соң әуербайган, әзербайжан атала бастады. Б.з.басында жергілікті халықпен түркі тілдес   тайпалар (скифтер, ғұндар, болғарлар, бесенелер)араласып, Ә.этносының іргесі қалана бастады. Оларға 11-13 ғ-да оғыздардың басым бөлігі келіп қосылды. 19 ғ-дың 2-жартысында Ә.ұлты қалыптаса бастады. А.ш-нда егіншілік, мақта егу,бағбаншылық, жүзім, жібек құртын өсіру , тех.дақылдар өңдеу , отарлап қой бағу, сиыр өсіру басым. Дәстүрлі өндіріс құралдары – тісті. Тіссіз орақтар, соқа, айыр. Дәстүрлі кәсібі – кілем тоқу, зергерлік, мыстан ыдыс-аяқ соғу, ұүмыра жасау. Баспаналары – таулы және жазық жерлерде ағаштан, балшықтан салынып, төбесі шошақ немесе күмбездеп жабылған – қаратам, сакля, бақташыларды киіз үй – алачыг аталады.

20 ғ-дың басында Қазақстанда тұратын Ә.ұлты өкілдерінің саны болмашы ғана болса (1926 жылғы санақ бойынша небәрі 46 адам), 30-жылдарға қарай олардың саны өсіп, 13 мыңға жеткен. Қазақстандағы Ә-дың басым бөлігі (71%), негізінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл обл-тарына шоғырланған. 80-жылдардың орта шенінде Қазақстанның өзге де облыстарында тарала бастады. Олардың саны 10 жыл ішінде (1979-1989) 3,1 есе артып, 90 мың (1992) адамға жетті. Қазақстандық ә.арасында 1 жазушы, 3 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 1 Еңбек сіңірген мәдени қызметкері бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *