Эстрадалық музыка – сахна өнерінің концерттік-сауықтық түрі. Ол кең аудиторияға арналған. Əсіресе, XX ғасырда музыкалық өнердің осы түрі кең ауқымда дами түсті. Эстрадалық əндер тек қана ойын- сауыққа құрылмаған. Мəселен, эстрадада азаматтық əндер, патриоттық, бейбітшілік үшін күрес жəне тағы басқа тақырыптардағы əндер баршы-
38 38
лық. Мысалы, И.О.Дунаевский, В.П.Соловьев-Седой, М.И.Блантер, А.Н.Пахмутова, Д.Ф.Тухманов жəне басқа да композиторлардың əн- дері де кеңінен танымал.
М.Матусовскийдің өлеңіне жазылған В.П.Соловьев-Седойдың
«Подмосковные вечера» əні бүкіл əлемге белгілі. Композитор Дми- трий Борисович Кабалевский «Подмосковные вечера» əні жөнінде:
«Бұл əн бізге танымал, ерекше интонациялардан құрылған жəне бұл – композитордың өте сəтті туындысы. Сонымен қатар композитор бұл əнде өз заманының үнін дəл тауып, ести білген», – дейді.