Гүлжауһар Шомбалова – қазақтан шыққан тұңғыш пианист, музыкатанушы, өнертану кан- дидаты. Ол – ноғай-қазақ биі, Жəңгір ханның жақтасы Шомбал Ниязовтың қызы. 1919 жылдың 20 желтоқсанында Орал облысының Жəнібек ауданында туды. 1935 жылы музыкалық техникумға түсті, 1936 жылы Мəскеудегі Қазақ өнерінің онкүндігіне қатысты. 1940 жылы оқуын үздік тамамдаған соң, осы оқу орнында ұстаздық етті. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында өнерімен жауынгерлердің рухын көтерген Г.Шомбалова бірнеше дүркін төсбелгілермен марапатталды.