ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ ƏН-РОМАНСТАРЫ
ХІХ ғасырда дамуы биік шыңға жеткен қазақтың əн мəдениеті ХХ ғасырда өз жалғасын тауып, жаңа белеске көтерілді. Ол ХХ ғасыр- дың 30–40-жылдарында ел ішінен халық əндерін жинап, фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын вокалды өңдеулер жасаған А.Затаевич, Б.Ерзакович, М.Төлебаев, Л.Хамидидің туындыларынан басталды. ХХ ғасырдың 50–60-жылдарында қазақ романсының классикалық үл- гісін Мұқан Төлебаев қалыптастырды. Оның Ұлы Отан соғысы жылда- рында шығарған «Тос мені, тос», «Кестелі орамал» романстары – осы бағыттың үздік үлгісі. Вальс жанры Қазақстан музыкасында Л.Хамидидің есімімен байланыстырылады. Оның «Қазақ вальсі», «Көктем вальсі»,
«Бұлбұл» əндері қазақ əндерінің «алтын қорына» қосылды. Л.Хамидидің жолын «вальстің королі» атанған Шəмші Қалдаяқов жалғастырды.