ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФОРТЕПИАНО МУЗЫКАСЫ
Фортепиано өнерінің қазақ даласындағы тарихы XIX ғасырдың екін- ші жартысынан бастау алады. Бөкей ордасында Жəңгір ханның жұбайы Фатима ханым рояль аспабында ойнағандығын ресми құжаттар дəлелдейді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы фортепиано музыкасының тоқсан жылдық тарихы бар. Ол 700-ден астам фортепианоға арналған шағын шығармалар, соната, вариация, концерт сынды көлемді шығармалардан құралады. ХХ ғасырдағы қазақтан шыққан алғашқы кəсіби пианист – Гүлжауһар Шомбалова. 1920–1930 жылдардағы алғашқы кезең А.Затаевич пен А.Жұбановтың халық əуендерін фортепианоға лайықтауынан басталды. А.Затаевич қазақтың 250 əні мен күйін ел ішінен жинап, 60-тан астам күйді фортепианоға лайықта- ды. Оның жолын Е.Брусиловский, Д.Мацуцин, Б.Ерзакович, Н.Меңдіға- лиев жалғастырды. Əсіресе, күй тартыс дəстүріне жақын жеке орын- даушы мен оркестрдің бəсекесіне құралған фортепианолық концертке қалам тартқан: Н.Меңдіғалиев, С.Еркімбеков, А.Серкебаев, Т.Қажыға- лиев, Ғ.Жұбанова. М.Сағатов, Б.Жұманиязов сынды композиторлар оған елеулі үлес қосты. 70–80-жылдары Қазақстан фортепиано музыкасында соната, вариация, концерттер жазылды. А.Жұбановтың «8 қазақ биі- нің» «Ақсақ құлан», «Қыз Акжелең», «Қызыл қайың», «Саранжап» бөлімдеріне Құрманғазы мен Дəулеткерейдің аттас күйлері негіз болды. Бүгінгі таңда Жəния Əубəкірова, Гүлжəмила Қадырбекова, Теміржан