ҚАЗАҚТЫҢ КƏСІБИ МУЗЫКАСЫ
Жазбаша кəсіби музыка
Сабақта:
1. Қазақстанның кəсіби академиялық музыкасының жанрларымен танысамыз;
2. Қазақстанның симфониялық, фортепианолық жəне вокалды му- зыка жазған композиторларымен танысамыз;
3. Симфониялық күй жанры туралы дерек аламыз;
4. Қазақстан композиторларының симфониялық, фортепианолық жəне вокалдық шығармаларын тыңдаймыз;
5. Б.Байқадамовтың «Домбыра» əнін үйренеміз;
6. Қазақ фортепиано музыкасының іргетасын қалаған жəне қа- зақтан шыққан тұңғыш пианист жайында мағлұмат аламыз.
Қазақтың академиялық кəсіби музыкасының қалыптасуы ХХ ғасыр- дың 20-жылдарынан бастау алады. Қазақстан композиторлары симфониялық увертюра, симфониялық поэма, симфониялық сюита жанрларын игеріп, ХХ ғасырдың 30–40-жылдарындағы бұл бағыттағы шығармалардың əуендік негізі халықтық дайын əуендерге сүйенді. Осы кезеңнің симфониялық музыкасына Е.Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев зор үлес қосты. Күйдің дүниетанымдық, философиялық заңдылықтары мен заманауи тəсілдердің үйлесімі Ғ.Жұбанованың
«Жігер» симфониясынан көрініс тапқан. Бес бөлімінің əрқайсысында ұлы сазгер Дəулеткерейдің күйлері шығарманың басты идеясын – адам тағдыры мен жеке тұлғаның өмір күйзелістерін жеңуін жеткізеді. Симфонияның 4-бөліміндегі шарықтау шыңында «Жігер» күйі орган аспабымен орындалады. Бұл тəсіл арқылы симфонияның басты идея- сы бүкіл əлемдік сипат алады. Қазақстан симфониялық музыкасының жаңа белесі симфониялық күй жанрының туындауымен байланысты. Е.Рахмадиевтің «Дайрабай» жəне «Құдаша-думан» симфониялық
28 28
күйлері – төкпе күй құрылымының негізінде симфониялық оркестрмен орындалған шығармалар. ХХ ғасырдың 60–70-жылдарынан бастап Қазақстанның симфониялық туындыларында бірнеше ұлттық мектептер дараланды. Олар қазақ, орыс, ұйғыр, дүнген, корей, т.б. Əсіресе ұйғыр мектебінің көрнекті өкілі Құддыс Қожамияров пен дүнген симфониялық музыкасының негізін салушы Бəкір Баяхунов сынды композиторлар осы бағыттағы музыкаға зор үлес қосты. Олардың туындыларында симфонияның заңдылықтары өз халықтарының дəстүрлі музыкасы- ның көркем тіл жүйесімен үйлесім табады