Мұхит Мералыұлы (1841–1918)
Еліміздің батыс өңіріндегі əншілік мектептің қалыптасуына ықпал еткен ерекше дарын иесі Мұхит Мералыұлы болды. Мұхиттың арғы ата- лары төрелерден тарайды. Мұхит əндері – биік регистрде орындалатын кең ауқымды, өршіл əндер. Орындаушыдан табиғи дарынды, арнайы дайындықты қажет етеді. Оның шығармашылығы, орындаушылық ерекшеліктері өз алдына дара мектеп болып қалыптасты. Мұхит əндерінің диа- пазон кеңдігі, əннің ішкі табиғаты, əн характерін ашуда домбыра сүйемеліндегі айрықша қағыстары оның орындаушылық мектебін анықтайды. Əнші- композитор, ақын, күйші-домбырашы Мұхит (Мұхам- беткерей) Мералыұлы 1841 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай ауы- лында дүниеге келген. Сол жерде 1918 жылы дү- ниеден өтті.