Дəстүрлі күйшілік өнер
Сабақта:
1. Қазақ халқының кəсіби күйшілік өнерімен танысамыз;
2. Дəстүрлі күйшілік мектептер жөнінде білеміз;
3. Музыкалық терминдерді түсініп, үйренеміз;
4. Тəттімбет жəне Құрманғазының күйлерін тыңдаймыз;
5. Төкпе жəне шертпе күйге салыстырмалы талдаулар жасаймыз;
6. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Қазақ халқының кəсіби музыкасының негізі ертеректе қалыптас- қан. Əсіресе ХІХ ғасыр қазақ халқының өнерінде «алтын ғасыр» деп аталады. Құрманғазы, Тəттімбет, Дəулеткерей, Қазанғап, Сүгір, Дина сынды дəулескер күйшілер осы ғасырда туып, қазақ өнерінің аспаптық музыка саласын дамытқан. Қазақ даласында ғасырлар бойы аймақ- тық, орындаушылық ерекшеліктеріне, тағы да басқа сипаттарына бай- ланысты жеті түрлі күйшілік дəстүрлер мен мектептер қалыптасқан жəне олар сол аймақтардың, өңірлердің атымен аталады. Олар: Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Батыс жəне Маңғыстау күйшілік дəстүрлері. Күйлер, негізінен, үш аспапта – домбыра, қобыз, сыбызғыда орындал- ған. Соның ішінде, дəстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең таралған саласы – домбыра күйлері. Сонымен қатар домбырада күй тартудың негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Шығыс Қазақстандық шертпе күй дəстүрі жəне Батыс Қазақстандық төкпе күй дəстүрі. Шертпе күйшілік дəстүр Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу өңірлеріне тəн (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары). Төкпе күйшілік дəстүр Батыс, Сыр бойы, Маңғыстау аймақтарында қалыптасқан (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстары). Күй жанры ХІХ ғасырда өз дамуының шырқау шыңына көтерілген. «Жалпы, музыка атаулы нəрсе елдің ішкі сезім байлығын білдіретін болса,
2 21
соның ішінде ең толғаулысы, ең сырлысы – күй», – деп заңғар жазушы М. Əуезов айтқандай, күй – халқымыздың музыкалық қазынасының ең бір мол саласы.