ӘЗДЕНБАЕВ СӘБИ

ӘЗДЕНБАЕВ СӘБИ (1890 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы — 1967 жылы, сол жерде) — Қазақтың айтыс ақыны. Өлең-жырларында ауыл еңбеккерлерінің, Қарағанды кеншілерінің өмірін жырлады. Ұлы Отан соғысы жылдары аудандық, облыстық айтыстарға қатысып, 1943 жылы Қайып Айнабековпен айтысты. Шығармалары “Халық ақындары” (1953), “Пернедегі термелер” (1965) жинақтарында жарық көрді. Әзденбаев жинаған ауыз әдебиетіүлгілері ҚР ҰҒА Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар орталығында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *