Классикалық музыка жауһарларына

Классикалық музыка жауһарларына – академиялық музыканың жəне қазақ халқының кəсіби дəстүрлі музыкасының үздік туындылары жатады.
Классика дегеніміз – музыкалық өнердегі əртүрлі жанрлардың ең үз- дік қасиеттерін өз бойына жинаған көркемдік деңгейі биік дүние. Ака- демиялық музыкада опера, симфония, оратория, соната, прелюдия, сюита, увертюра жəне тағы басқа жанрлар мен құрылымдар негізіне сүйенеді. Қазақ халқының классикалық музыкасы деп кəсіби күйші, əнші-жыршы композиторлардың інжу-маржан туындыларын айтамыз.

 


6 6

Оргáн [грек. organon (органон) – құрал, аспап] – үрмелі-клавишті музыкалық аспап. Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Мысыр, Византия елдерінде пайда болды. VII ғасырдан бастап Еуропада, көбінесе шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланылды. Кейінгі ғасырларда басқа да елдерде тарайды. Органның дыбыс тембрі ерекше жəне түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы əртүрлі түтіктері болады.
Əр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. Ал көптеген түтіктер жоғарғы немесе төменгі бір регистр құрайды. Əрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыка аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. Органда
1–7 мануал (əрқайсысында 72 клавиш), аяқпен басатын педалі бола- ды. Органға арналған ноталар скрипка мен фортепианоға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады.
Органға арнап Д.Букстехуде, И.С.Бах, Ф.Мендельсон, И.Брамс, т.б. композиторлар музыка жазған.
XV ғасырдан бастап орган Ресейде кеңінен таралды. Қазақстан бо- йынша орган: 1) Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ор- ган залында; 2) Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық кон- серваториясының үлкен залында; 3) Жамбыл атындағы филармо- нияда; 4) Көкшетау қаласында орнатылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *