МАГНИТМЕТР

МАГНИТМЕТР (магнит + метр) – магнит өрісінің сипаттамаларын және физикалық нысандардың магниттік қасиеттерін өлшеуге арналған аспап. Магнитметр арналу мақсатына, құрылыс принципіне және пайдалану шарттарына сәйкес бірнеше түрге ажыратылған. Арналу мақсатына орай магнитметр екі топқа бөлінген. Бірінші топқа магнит өрісінің негізгі сипаттамаларын: кернеулігін (Н) (А/м (Ампер/метр) немесе Э (Эрстед) бірлігімен), индукциясы (В) (Тл немесе Гс), магниттік ағынын (Ф) (Вб (Вебер) немесе Мкс (Максвелл)); өлшеуге арналған аспаптар топталған; екінші топқа материалдар мен кен жыныстарының магниттік қасиеттерін зерттеуге арналған аспаптар жатқызылған.

1-топтағы магнитметр өлшейтін магнит өрісінің негізгі сипаттамасына: өрістер векторларының (Н немесе В) абсолюттік мәндері, өріс векторларын құраушы абсолюттік мәндер т.б. жатқызылған (аспаптар, компас, буссоль, магниттік теодолит, инклинатор, деклинатор, векторлық магнитметр).

Магнитметрдің 2-тобы кен жыныстарының және магниттік материалдардың магниттік қасиеттерін зерттейді: магниттік момент (М) (А·м2), магниттелу J (А/м), магниттік алғырлық (ߵ) (каппаметр), магниттік өтімділік (µ) (мюметр), J (Н) және В (Н) тәуелділіктерді өлшейді. Магнитметрлер әсер ету принципі бойынша бірнеше типке ажыратылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *