ЛУПА (француз сөзі) – көзбен айқын көрінбейтін ұсақ нысандарды (объектілерді) бақылауға арналған оптикалық линза (құрылғы). Бақыланатын нәрсе (ОО1) (сызба) лупаның фокус аралығынан сәл ғана кем қашықтыққа
(FF‘ – фокустық жазықтыққа) орналастырылады. Бұл жағдайда линза нәрсенің тура ұлғайтылған және жорымал кескінін көрсетеді. Нәрседен шыққан сәулелер линзадан өткен соң, көздің қарашығынан сынып өтіп көздің жарық сезгіш қабатына түседі. Сәулелер көзге лупа жоқ кездегіге (φ бұрышқа) қарағанда үлкен бұрышпен
(a) түседі. Лупа осылайша кіші нәрселерді Лупаның оптикалық жүйесінің сұлбасы ұлғайтып көрсетеді.