ЛИХТЕНБЕРГ ПІШІНДЕРІ

ЛИХТЕНБЕРГ ПІШІНДЕРІ – диэлектриктің және газдың разрядтық аралығындағы ажыратылу шекарасында пайда болатын сырғымалы ұшқындық разряд кезінде қатты диэлектриктің бетінде жайылып жататын ұшқындық арналардың таралу суреттері. 1777 жылы неміс физигі Г.К.Лихтенберг алғаш рет байқаған. Күшті разрядтағы ұшқындық разрядтық арналарда жоғары қысым мен температура диэлектриктің бетінде Лихтенберг пішіндерін түсіріп деформациялайды. Лихтенберг пішіндерін әлсіз разряд кезінде диэлектриктің бетіне арнайы ұнтақ сеуіп немесе разряд кезінде диэлектрик қабаттың

астына салынған фотопластинканы

 Лихтенберг пішіндері: а – оң сырғымалы разряд

кезіндегі; б – теріс сырғымалы разряд кезіндегі айғақтап көрінетін кескін шығаруға

болады. Лихтенберг пішіндері анод пен катод аймағында жақсы көрінеді, сол себепті ұшқындық арнаның (разрядтың полярлығын) бұлардың қай электродынан таралып тұрғанын анықтауға болады. Лихтенберг пішіндері арнайы құрылғыларда найзағай разрядының полярлылығын және күшін анықтау үшін пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *