ЛЕНГМЮРЛІК ТОЛҚЫНДАР

ЛЕНГМЮРЛІК ТОЛҚЫНДАР – плазмалық жиілік пен плазманың көл- денең тербелістері. Американ физиктері И.Ленгмюр мен Л.Тонкс 1929 жылы зерттеген. Плазма үшін кулондық күштердің алыс әсері тән, осының нәтижесінде мұны серпімді орта ретінде қарастыруға болады. Егер плазмадағы электрондар тобы олардың тепе-тең қалпынан жылжытылатын болса, онда оларға электр- статикалық қайтатын күш әсер ететін болады, осы күш тербеліске түсіреді.

Тыныштықтағы салқын плазмада (электрондардың температурасы Те0) плазмалық жиілікті таралмаған тербелістер (тұрғын толқындар) болады; ыстық плазмада осы тербелістер топтық аз жылдамдықпен таралады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *