ЛАМЕ ТҰРАҚТЫСЫ

 

ЛАМЕ ТҰРАҚТЫСЫ – изотропты материалдардың серпімділік қасиеттерін сипаттайтын шама. Француз математигі әрі инженері Габриель Ламенің (1795– 1870) құрметіне аталған.

ЛАМИНАРЛЫҚ АҒЫС (латынша «ламина – пластинка, жазық») – сұйықтың немесе газдың ағыс бағытына параллель қабаттар секілді жылжуы кезіндегі реттелген ағысы. Бұл ағыс өте тұтқыр сұйықтарда немесе едәуір баяу жылдамдық кезінде, сондай-ақ сұйықтың шағын өлшемді денелерді баяу орағытып ағуы кезінде пайда болады. Дербес жағдайда ламинарлық ағыс жіңішке (капиллярлық) түтіктерде, подшипниктердің майлы қабатында, денелерді сұйық немесе газ орағытып аққан кезде дене беті маңайындағы шекаралық қабатта байқалады. Сұйықтың жылдамдығы артқанда ламинарлық ағыс белгілі бір кезеңде турбуленттік ағысқа айналады. Сол кезде бұл ағыстың барлық қасиеттері, атап айтқанда, ағынның құрылымы, жылдамдық профилі, кедергі заңдары едәуір өзгеріске ұшырайды. Сұйық ағысының режимі Рейнольдс санымен () сипатталады. -нің шамасы, белгілі бір кризистік мәннен (кр) кіші (<кр) болса, онда сұйық ағысының режимі ламинарлық ағысқа, ал >кр болса, онда сұйық ағысының режимі турбуленттік ағысқа жатады. кр-нің мәні қарастырылып отырған ағыстың түріне тәуелді болады. Дөңгелек құбырлардағы ағыс үшін кр≈2300. Сондықтан <2300 болғанда құбырдағы ағыс ламинарлық ағыс болып

 

есептеледі. Құбырдағы тұтқыр ламинарлық ағыс Пуазейль заңымен анықталады.

ЛАРИНГОФОН (грекше «ларинкс – көмей» + «фон – дыбыс») – сөйлейтін адамның көмейінің сіңірі мен шеміршегінің механикалық тербелістерін электрлік тербелістерге түрлендіретін арнайы құралымдық микрофон; іс жүзінде ауадағы дыбыстық тербелістерді қабылдамайды. Әдетте ларингофондар көмейдің екі жағына орналастырылады. Қарқынды шуыл кезінде (ұшақта, танкте) радио немесе телефон арқылы сөйлесуде қолданылады.

ЛАУЭ ӘДІСІ – монокристалдарды рентген сәулесінің дифракциясы арқылы зерттеу әдісі. 1912 жылы неміс физигі Макс Лауэ (1879–1960) кристалдардағы рентген сәулесінің интерференциялық теориясын тұжырымдап, кристалды рентген сәулелері үшін дифракциялық тор ретінде пайдаланып тәжірибе жасауды ұсынған. Бұл тәжірибені неміс физиктері Вальтер Фридрих (1883 – 1968) және П.Книппинг жүзеге асырған. Осы тәжірибеде рентген сәулесінің кристалдағы дифракциясы алғаш рет бақылан- ған. Тәжіри- беде рентген

 

сәулесінің үздіксіз спектрінің жіңішке шоғы қозғалмайтын монокристалға түсірілген. Кристалл шашырататын сәуле Брэгг-Вульф шарты анықтайтын бағытта түсетін сәулеге перпендикуляр орнатылған жазық фотопленкаға суретке түсірілетін болған (сызбаға қараңыз). Ірі кристалл болған жағдайда фотопленка кристалдың алдыңғы жағына орнатылады, осындай тәсілмен

Лауэ әдісінің сұлбасы. SO – алғашқы реттік сәуле; К – кристалл; ММ – алынған лауэграмма эпиграмма деп аталған.

РР – фотопленка              бағдарлау, монокристалдың ішкі құрылымын тексеру, фонондық спектрлерді, ыдырау үрдістерін (процестерін), кристалдық құрылымның «ескіруін» және қайта құрылуын зерттеулерде қолданылады.

ЛАУЭГРАММАЛауэ әдісімен алынған дифракциялық кескін бейнеленген рентгенграмма. Лауэграммадағы дифракциялық максимум (суреттегі күңгірт нүктелер) төбесі түзу (шашырамаған) рентген сәулесі шоғы мен фотопленканың қиылысуында жататын конустық қима бойынша орналасқан. Әрбір дифракциялық максимумға бір ғана кристаллграфиялық жазықтықтар жүйелерінің әртүрлі реттілікпен шағылысқан сәулелер үлестерін қосады, осы жайт лауэграмманы кристалдың құрылымын ашу үшін қолдануға тыйым салады. Кристалдың әртүрлі

қалпынан алынған бірнеше лауэграмма бойынша оның таңдалып алынған координаттар жүйесіне қатысты кристаллграфиялық осінің бағытын анықтауға болады.

Лауэграмманың негізгі қолданылу аймағы: монокристалдарды бағдарлау (әсіресе қырланбаған), симметрияның нүктелік тобын, кристалдың ішкі «құрылымының кемелденуінің» бүлінуін, т.б.), жылулық диффузиялық және когеренттік шашырауын, т.б. анықтау болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *