ЛАЗЕРЛІК ТЕЛЕВИЗИЯ

ЛАЗЕРЛІК ТЕЛЕВИЗИЯ – телевизиялық қабылдағыштың (теледидардың) экранында телевизиялық кескін лазерлік сәуле, түрлі түсті телевизияда – үш сәуле (қызыл, жасыл және көк түсті) арқылы қайта жаңғыртылып көрсетілетін телевизиялық жүйе. Телевизиялық қабылдағышта әдеттігі телевизиялық қабылдағыштағыдай электрондық-сәулелік кинескоптағыдай лазерлік теле- дидардың экранында лазерлік сәуленің жаймалануы кезінде кескін сигналының қарқындылығы бойынша модуляцияланған кескін пайда болады. Әдетте лазерлік сәулені жаймалау үшін акустикалық немесе электрондық-оптикалық дефлекторлардың айналғыш айналарының жүйелері пайдаланылады. Лазерлік теледидарлардағы шектік ажыратқыштық қасиеті лазерлік сәулені басқару құрылғыларындағы жарықтың дифракциясымен анықталады және ол 1000 сызық/ мм-ге дейін жетеді. Лазерлік сәуле көзі ретінде әдетте ионды лазерлер (көк және жасыл түстер шығару үшін аргонды, ал қызыл сәуле үшін – криптонды лазерлер) пайдаланылады. Түрлі түсті кескін шығару үшін үш монохроматты (қызыл, жасыл және көк түсті) түсті өзара бірінің үстіне бірін қабаттастыру арқылы кескінді ортақ бір экранға үш квантскоптың (активті бөліктерінен ортақ бір экранға) проекциялап түсіру арқылы жыңғыртып көрсетуге болады. Лазерлік телевизияның ерекше артықшылығы кескіндердегі түстердің қанықтылығы жоғары, лазерлік сәуленің монохроматтылығы, түстердің көрсетілу сапасын арттырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *