ҚЫЛАУ – тұманды күндері ағаш бұтақтарында, бағанға керілген өткізгіш сымдарға, т.б. заттарға жабыса пайда болатын борпылдақ қар тәрізді ұсақ мұз кристалдары. Тұманды жағдайда қыстыгүні аязды күндері ауадағы су буының температурасы төмендегенде сублимация (құрғақ айдау) нәтижесінде пайда болады. Оның кристалды және ұлпалы түрлері болады. Кристалды қылау (талшықтарының ұзындығы бірнеше см-ге жетеді) негізінен жел өтіндегі заттар- ға, ауа температурасы – 15°С-тан төмендегенде ұлпалы қылау (қалыңдығы кейде бірнеше см, өте тығыз келеді) ауаның ылғалдығы артқан кезде, ықтасын жақта пайда болады.