ҚУМА ҚАБАТ

ҚУМА ҚАБАТсолғын разрядтың немесе доғалық разрядтың оң бағандары бойымен үздіксіз қозғалатын күңгірт және жарық қабаттары (страттар). Қума қабаттың пайда болуы плазманың дірілдік қасиетімен байланысты.

ҚУМА ТОЛҚЫН – әртүрлі тең фазалы (фазалық толқындық шептер) бет шекті жылдамдықпен қозғалатын толқындық қозғалыс. Топтық жылдамдығы нөл болмайтын қума толқын энергия, импульс немесе басқа сипаттамалармен байланысқан. Суперпозициялық принциптің (сызықтық жүйелердің) қолданылуы бойынша қарама-қарсы бағытта таралатын, топтық жылдамдығы нөлден өзге болатын, энергия, импульс және басқа сипаттамалармен байланысқан екі бірдей периодты тұрғын толқын түзеді. Қума толқынға дербес жағдайда газдардағы және сұйықтардағы, ленгмюрлік және изотропты плазмадағы иондық-дыбыстық толқындар жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *