ҚОСПАЛАР

ҚОСПАЛАР – қасиеттері әртүрлі бір немесе бірнеше заттар араласқан қосылыс. Қоспалар біртекті және әр текті болып бөлінеді. Біртекті қоспалар – газдар қоспасы (ауа), сұйық не қатты ерітінділер. Бұл ерітінділерде екі құрам бөлік

(қанттың судағы ерітіндісі, алтын мен күміс, т.б.), ал әр текті қоспаларда бір, екі не одан да көп құрам бөліктері болады. Бір құрам бөліктен түзілген әр текті қоспалар мұз – су, ал құрам бөліктері екі не одан да көп қоспаларға суспензия, эмульсия, көптеген тау жыныстары (гранит), металдар қорытпасы, т.б. жатады.

Акцепторлық қоспа – жартылайөткізгіште кемтік тудыратын қоспа.

Донорлық қоспа – жартылайөткізгіштің өткізгіштік зонасын электрондармен қамтамасыз ететін қоспа.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *