ҚОСАРЛАНҒАН ӨТКІЗГІШТЕР, екі өлшемді өткізгіштер – екі нашар өткізгіш ортаның (мысалы, вакуум – диэлектрик, жартылайөткізгіш – диэлектрик) шекарасында жасанды жасалған электр өткізгіштік жүйе. Қосарланған өткізгіштер – электрстатикалық күштермен диэлектриктің [мысалы, сұйық гелийдің (Не)] бетінде ұсталатын (электрондар диэлектрикті полярландырады және оған тартылады); сондай-ақ сыртқы тұрақты электр өрісімен диэлектриктің Қосарланған өткізгіштер бетіне перпендикуляр түсірілген электрондық қабат (сызбаға қараңыз). Қосарланған өткізгіштерде жеткілікті төменгі жиілікті айнымалы электрмагниттік өріске орналасқан ток тек ажыратылу шекарасына параллель ағатын болады.